
Super User
Сырым аудандық музейінің екінші тынысы (ФОТО)
Сырым ауданы – тоғыз жолдың торабында орналасқан, тарихы мен мәдениеті, тұрмысы мен әл ауқаты келіскен аймақ. Бүгінде ауданымыздың айнасына айналған Сырым Датұлы атындағы тарихи – өлкетану музейінің құрылғанына 20 жыл толып отыр.
Күнделік жазу ̶ публицистикалық шығарманың бір түрі. Автордың көрген білгендерін жадында түю мақсатында жазылатын деректер жинақтамасынан туған әдеби жанр. Әлем әдебиетінде, алыс-жақын елдердің руханият үлгілеріне үнілсек, күнделік жазу тәжірибесі ертеден қалыптасқан. Күнделік жазу әдебі қазақ әдебиетінде ХІХ ғасырларда бастау алды. Мәселен, Шоқан Уәлихановтың «Құлжа күнделіктері», «Қашқария», «Ыстықкөл күнделіктері», Мұхтар Әуезовтің «Жапон күнделігі», Әзілхан Нұршайықовтардың «Күнделік» атты жинақтамалары бар. Мұндай еңбектердің айтары бар, тағылымы мол.
Ұлттық музейде «Киелі кимешек» атты жеке көрме ашылды (ФОТО)
ҚР Ұлттық музейінде ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, халықаралық ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, этнодизайнер Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмені «Қара Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей ісінің мәселелері және мүмкіндіктеріне арналған конференция өтеді
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы 2024 жылғы 13 желтоқсанда «Музей – тарих айнасы: қазіргі музей ісінің мәселелері және мүмкіндіктері » тақырыбында онлайн конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей директорының бос лауазымына конкурс жарияланды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің Мәдениет комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына байқау жариялады.
Парижде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылды
Парижде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында Гиме Азия өнерінің ұлттық музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр Аида Балаева Лувр музейінің басшылығымен кездесті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Лувр музейінің президент-директоры Лоранс де Кармен кездесу өткізді. Кездесу мәдени алмасу мәселелері және Қазақстан мен Франция арасындағы перспективалы жобаларға арналды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық музейде марапат түрлеріне арналған көрме ашылды (ФОТО)
ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 2024 жылғы 24 қазанда Республика күні қарсаңында «Марапат түрлері» атты тақырыптық-экспозициялық көрмесі ашылды.
Астанада Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды (ФОТО)
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесін ашты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ішкі қазақ ордасының соңғы билеушісі Жәңгір Бөкейұлы да жауынгер ата-бабасынан қалған қару-жарақты киелі санап, мұра ретінде ұстап, сан түрін жинақтаған екен. «Оның қару-жарақ коллекциясы ұзақ жыл жиналған еңбектің жемісі» деп жазыпты жаратылыстану ғылымдарының докторы, профессор Модест Киттары. Расында да, хан бұл қаруларды ұзақ уақыт жинапты. Қару-жарақпен бірге сән-салтанаты келіскен ат-әбзелдері де хан ордасының төрінен орын алған. Жасынан еуропаша білім алған, Ресейдің астаналарында талай болып, ондағы тарихи орындарды көзімен көрген Жәңгір өзі жинаған қарулар топтамасынан Хан ордасында «Қару-жарақ палатасын» ұйымдастырғаны да тарихи шындық. Бұл, шын мәнінде, тұңғыш музей болатын.