Анонс


Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекiту туралы бұйрық

Жұма, 05 Шілде 2024 00:37
Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекiту туралы бұйрық KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Назарларыңызға бұйрық мәтінін ұсынамыз.

«Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының  2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4725 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Музей сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары

 

 1.    Жалпы ережелер

1. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына (бұдан әрі – музей заттары) қол жеткізу тәртібін айқындайды.

 

2.    Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі

2. Музейдің сақтау қоймасына кіруді музей заттарының сақталуына жауапты бас сақтаушы, сақтаушы қамтамасыз етеді.

3. Сақтау қоймасына әрбір келу бас сақтаушы, сақтаушы жүргізетін сақтау қоймасына келушілер журналында тіркеледі. Сақтау қоймасына келу журналында сақтау қоймасына келушілердің келген күні, уақыты және мақсаты, тегі және аты-жөні туралы жазба енгізіледі, сондай-ақ бас сақтаушы, сақтаушы және келушілер қол қояды.

Сақтау қоймасына келу журналы тігіледі, нөмірленеді және соңғы жазба енгізілгеннен кейін бас сақтаушы, сақтаушы қол қойып, музейдің мөрімен бекемделеді.

4. Музей қызметкерлері сақтау қоймасына өндірістік қажеттілік бойынша ғана кіре алады.

5. Сақтау қоймасынан музей заттарын музей аумағының шегінде уақытша пайдалануға беру бас сақтаушы немесе сақтаушы және музей қызметкерлері арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру актісімен ресімделеді.

Музей заттарын сақтау қоймасына қабылдап алу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтару актісімен ресімделеді.

6. Жеке тұлғалар сақтау қоймасына музейдің бас сақтаушысы, сақтаушы қол қойған сақтау қоймасына біржолғы рұқсат қағазы болған кезде кіре алады. Біржолғы рұқсат қағазында келушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), сақтау қоймасында болған уақыты, келу мақсаты туралы мәліметтер қамтылады.

Біржолғы рұқсат қағазы келуші сақтау қоймасына кіріп шыққаннан кейін бас сақтаушыда, сақтаушыда қалады.

 

 

Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларына №1-қосымша

Нысан

(музейдің толық атауы)

 

№ ____ беру актісі

 

Осы акті 20 ____жылғы  «__» ___________ ________________________ ____________________________________________________________________

(музейдің бас сақтаушысының, сақтаушысының тегі, аты, әкесінің аты (болған болған кезде), қолы

құрамында мынадай музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын

 

Р/с

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының атауы және олардың қысқаша сипаттамасы

Музей заттарының және (немесе) музей коллекциясының саны

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының шифрі

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының сақталуы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

 

 

 

 

 

 

20 __жылғы «__ » ________ дейін бергені, ал_______________________ ____________________________________________________________________          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы), қолы

______________________________________ мақсатында уақытша пайдалануға қабылдап алғаны туралы жасалды:

Мен,________________________________________________________________  алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы,)

(санамаланған музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын қабылдап санамаланған музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын қабылдап алып, олардың сақталуын қамтамасыз етемін және осы актіде белгіленген  мерзімде қайтарамын.

 

 

 Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларына №2-қосымша

Нысан

(музейдің толық атауы)

 

№ ____ музей заттарын қайтару актісі

 

Осы акті 20__ жылғы «___»__________  _________________  ____________________________________________________________________

(музейдің бас сақтаушысының, сақтаушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы

құрамында мынадай музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын:

 

Р/с №

Музей затының және (немесе) музей коллекциясының атауы және олардың қысқаша сипаттамасы

Музей заттарының және (немесе) музей коллекция

сының саны

Музей затының және (немесе) музей коллекция

сының шифрі

Музей затының және (немесе) музей коллекция

сының сақталуы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

 

 

 

 

 

 

20__ жылғы «___ »   _______ дейін бергені, ал __________________________ ______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы

 20 __ жылғы «___» ________ қайтарғаны туралы жасалды.

607 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper