Анонс


«Қазақтың дәстүрлі егіншілік мәдениеті» атты көрме өтеді

Сейсенбі, 23 Шілде 2024 16:00
«Қазақтың дәстүрлі егіншілік мәдениеті» атты көрме өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық  музейінде «Қазақтың дәстүрлі егіншілік мәдениеті» аттыкөрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Егіншілік – ауыл шаруашылық  дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Қазақстан аймағында табиғи-климаттық жағдайдың әртүрлілігіне байланысты көшпелі мал шаруашылығымен қатар, егіншілік те кеңінен орын алған. Совет өкіметі кезінде «далалықтарда егіншілік болған емес» деген пікір айтылды.

Қазақстан территориясында ежелден мал шаруашылығымен қатар, егіншілік  кәсібімен де айналысқан. Оны тарихи, соның ішінде археологиялық деректер айқын дәлелдейді. Өзен-көл, су көздері жақын өңірлерде егіншілік ошақтары дамыды. Егіншілік орталықтары – Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Орал, Ертіс өзендері мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері маңы, Оңтүстік Қазақстан (Сырдария, Қаратау) және Жетісу өңірлерінде кең өріс алып, ертеден дамыған. Басқа аймақтардың да тұрғындары жер өңдеумен айналысты. Егіншілік неолит және энеолит кезеңінде қалыптасты. Ал, қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар егіншілік кәсібімен айналысты. Алғашқы қола дәуірінің қарапайым орақтарын археологтар Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан өңірлерінен тапқан археологиялық деректер айқындап берді. Андрон тайпаларында егіншілік қосалқы шаруашылық түрі болды. Андрондықтар жерді өңдеу үшін тесе, қола, мыс орақтарды пайдаланған.

Көрме«тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстандыру жүйесі», «экожүйе» ұғымдарын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығының ерекшеліктерін, дәстүрлі егіншілік шаруашылығының қызметін тақырып аясындағы музей қорындағы экспонаттарды келушілерге көрсету, жан-жақты таныстыру, мәдени-ағартушылық, танымдық, ақпараттық сипаттағы жәдігерлерді көпшілік назарына көрме арқылы ұсынуды мақсат етеді.

Көрмеде  ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. Қазақстандағы дәстүрлі егіншілік мәдениетінің шаруашылығында қолданылған  соқа (жерағаш), ағаш шынжыр, айыр, мала, тырма, кетпен, күрек, орақ,  тырнауыш, шалғы т.б. заттай материалдар мен фотоқұжаттар қойылады.

Ашылуы 2024 жылғы 24 шілде күнгі сағат 15.00.-де өтеді. Көрмені осы жылдың 3 тамызына дейін тамашалай аласыздар.

289 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper