
Super User
Дәстүрлі «V Есік оқулары» өтеді
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Кемал Акышевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Еуразия далалық өркениеті: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау және пайдаланудың өзекті мәселелері (арналады)» тақырыбындағы «V Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
Мэй Маск ханым Ықылас музейінде қонақта болды (ФОТО)
Танымал кәсіпкер, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде қонақта болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Жібек жолы археологиялық бірлескен зерттеу орталығының Есік филиалы» ашылды
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қытай Халық Республикасының Шәнси провинциясы, Сиань қаласындағы Жібек жолы археологиясы бойынша серіктестік ғылыми-зерттеу орталығының филиалы ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі реэкспозицияға жабылды
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі реэкспозицияға жабылды. Реэкспозиция бір жылға созылады. Ашылғаннан кейін музей заманауи талаптарға сай болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. Айзада Құрманова ҚР Ұлттық музейінің ұжымына музей басшысының міндетін уақытша атқарушы Берік Әбдіғалиұлын таныстырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
ҚР Мемлекеттік Орталық музейі мен Ресей Эрмитажы Түркістан облысында қазба жұмыстарын жүргізді (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2024 жылғы 28 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Ресей Мемлекеттік Эрмитажымен Түркістан облысының Ақбұрын қорымында қазба жұмыстарын жүргізді.
Танымал археолог Зейнолла Самашев Атырау облысының құрметті азаматы атанды
Елімізге танымал археолог Зейнолла Самашевқа Атырау облысының құрметті азаматы атағы берілді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
«Қастеев оқулары-2024» конференциясының жинағы жарыққа шықты
Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2024» ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы шықты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Мажарстанда Алматы музейлері бірлестігінің көрмесі ашылды (ФОТО)
Мажарстанның Карцаг Кинче өнер орталығында Алматы қаласы музейлері бірлестігінің «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ақтауда «Әбіш Кекілбайұлы оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ақтауда «Әбіш Кекілбайұлы оқулары – 2024» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.