
Super User
Өзбекәлі Жәнібеков – ұлттық тарих пен мәдениеттің жанашыр жасампазы
Өзбекәлі Жәнібеков ұлттық тарихымызда ерекше орны бар тұлға. Ол кеңес дәуірінің 60 жылы ішінде сталиндік, хрущевтік, брежневтік басшылық пен саясаттың кермек дәмін татып есейді, комсомол мен партия органдарында мәртебелі қызметтер атқаруымен, мүлтіксіз адалдығымен халықтың құрметіне бөленді, Қазақстанның түкпір-түкпірінде музейлер, кітапханалар, театрлар ашуымен рухани байлықты молайтуға олжа салды. Наурыз мейрамы мен тайқазанның қайта оралуы, тарихи-мәдени жәдігерлердің, әсіресе музыкалық аспаптардың ел ішінен жиналуы – бәрі Өзекеңнің есімі мен ісін ұрпақтан ұрпаққа аманаттайтын ұлы жетістіктері.
Музей мен бүгінгі қоғам арасындағы қатынасты ұлғайту жолдары
Мақалада музей мен заманауи қоғам адамдарының қарым-қатынасын нығайтудағы негізгі мәселелер мен шешу жолдары қарастырылады. Бүгінгі таңдағы музейлердің ақпараттық технологияны енгізудегі түрлі əдістері сарапталып, мультимедиялық технологияларды тəжірибеге енгізуде, ақпараттық жүйеге көшу жолдарының жетістігі мен жалпы мәдени құндылықтардың мағынасының өзгеріске ұшырауы жайлы қозғалады.
Ұлттық музейдің «Алтын залындағы» жаңа технологияның қолданылуы
Мақала ҚР Ұлттық музейі «Алтын залында» орнатылған заманауи инновациялық технология мен музейдің жұмысына енгізілген жаңа ақпараттық технологиялардың қызметі арналған.
Мақалада музей жәдігерлерін деректік маңызы мен ерекшеліктері, пайда болуының обьективтілігі мен сыныпталуы, музейлік заттарды тарихи дереккөз ретінде зерттеудің теориялық-метологиялық негіздері мен тәсілдері қарастырылған.
Музей қорын қалыптастыру көздері мен жинақтау әдістері
Қай музейдің болса да қызметі музей қорының жинақтарын қалыптастырудан басталары сөзсіз. Алдымен топтамаларын қалыптастырмай, олардың күтімін қамтамасыз етпей, музей өзінің қоғамдық функцияларын жүзеге асыра алмайды.Сондықтан да музейдің ғылыми-қор жұмысының құрамдас маңызды бір бөлігі әрине музей топтамаларын жинақтау болып табылады.
ҚР Орталық музейі халықаралық ғылыми форумға шақырады
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет Комитеті, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Орталық музейі және Алматы қаласы музейлер бірлестігі Сіздерді 2024 жылдың 14 наурызында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» ұлттық мерекесіне орай өтетін дәстүрлі «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» II Халықаралық ғылыми форумы жұмысына қатысуға шақырады.
«XVІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Орталық музейі мен «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік музей-қорығы «XVІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ватиканға ресми сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сикстин Капелласын, Әулие Петр мен Павелдің Капелласын (Паолина Капелласы) және Апостол сарайындағы Король залын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президенттің көмекшісі «Сарайшық» музей-қорығының жұмысымен танысты
Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай «Сарайшық» музей-қорығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығына директор тағайындалды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығына сәйкес, Бибігүл Дәндіқарақызы Дандығараева «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.