Конференция жұмысына музейтанушылар, музей мамандары, мәдениет пен білім саласындағы қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының мамандары, оқытушылар қатысады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Музейдің мәдени-білім беру жұмысының миссиясы;
- Музейдің мәдени-білім беру жұмысындағы жаңа технологиялар.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференция материалдары жинақ болып басылып шығады.
Жарияланым құны: тегін.
Материалдарды рәсімдеу талаптары:
Мәтіннің көлемі 7 беттен аспауы керек, қаріп (шрифт) - Тimes New Roman 14, жолдардың аралығы – бір, бет үлгісі А4, жиегі: үстіңгі, астыңғы – 2 см, оң жақ, сол жақтағы жиектері - 2,5 см, азатжол - 1,25 см. Бастапқы жолдың сол жағында ОӘЖ индексі жазылады. А4 формат парағының үстіңгі оң жағының шетіне автор (Т.А.Ж., ұйымы, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, арнайы атағы) туралы мәліметтер (толық және нақты) жазылады. Мақаланың атауы бас әріппен ортада жазылады.
Ғылыми дереккөздерге жасалған сілтемелер пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес төрт бұрышты жақшамен белгіленеді. Әдебиет негізгі мәтіннің соңында бір жол шегінісімен беріледі.
Мақалалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 2024 жылғы 1 тамызына дейін: mgabdullin@mail.ru электронды поштаға қабылданады. Конференция қатысушының өтініші 1-ші қосымшаға сәйкес толтырылуы қажет.
Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауап береді. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығына ие.
Іссапар шығындары жіберуші немесе конференцияға қатысушының есебінен жүргізіледі.
1-қосымша
Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысуға өтінім
Қатысушы (лар) тапсырысы |
|
Автор(лар)дың аты-жөні (толық) |
|
Қызмет орны (қысқартусыз) |
|
Ғылыми дәрежесі және атағы |
|
Лауазымы (қысқартусыз) |
|
Байланыс телефоны |
|
Электронды пошта,мекенжайы |
|
Мақала тақырыбы |
|
Секция номері және атауы |
|
Қатысу түрі (күндізгі, сырттай) |
|
Техникалық құралдардың қажеттілігі (мультимедиялық проектор және т.б.) |
|
Қонақүйде алдын ала орынға тапсырыс беру қажеттілігі |
|
Конференцияны ұйымдастыру бойынша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефондар арқылы алуға болады:
Мейрамгүл Шаяхметовна Жолаушина немесе Аққу Жанботаевна Есжанова. Тел: 8(7162) 257627
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қ.,Е.Әуелбеков көшесі 123 үй.