
Super User
Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы монография жарық көрді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржыландыруымен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің деканы, т.ғ.д. профессор Досбол Сүлейменұлы Байгунаковтың жетекшілігімен «Алматы облысы Жаңалық ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары қалдықтарының археологиялық верификациясы мен тарихи идентификациясы: пән аралық зерттеулер» археологиялық жобасы аясында монография жарыққа шықты.
Музейлер бірлестігіне жаңа басшы тағайындалды
Алматы облысы музейлер бірлестігінің директоры лауазымына Талғат Құрманбекұлы Келімбетов тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Маңғыстау музейі конференцияға шақырады
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі 2024 жылғы 27-28 қыркүйек аралығында өтетін көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған «Ә.Кекілбайұлы оқулары - 2024» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы директорының бос лауазым орнына комиссия шешім шығарды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігі Мәдениет комитетінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби -мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директорының бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссия отырысының қорытынды шешімінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі хаттамасы жарияланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Мемлекеттік Орталық музей директорының орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметіне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының бұйрығымен Анна Викторовна Кущенко тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Таңбалы» музей-қорығын аралап көрді (ФОТО)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей директорының бос лауазым орнына конкурс жарияланды
Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялады.
Ұшқан құстың қанаты, жортқан аңның аяғы талатын кең байтақ жеріміздің тауы мен тасына қолың тисе тарихтан сыр шертеді. Әсіресе қойнына құпиясын бүгіп жатқан төбелер қаншама десеңізші. Жері шұрайлы, сулы да нулы Жуалы жеріндегі Берікқара қорымының тарихы өз алдына бір әңгіме.
Қаныш Сәтбаевтың 1960 жылдары сөйлеген сөзінің аудиожазбасы жарияланды
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры академик Қаныш Сәтбаевтың 1960 жылдары сөйлеген сөзінің аудиожазбасымен толықты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы директорының міндетін атқарушы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының бұйырығына сәйкес, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы директорының орынбасары – музей директорының міндетін атқарушы болып Ұлан Болатұлы Сағадиев тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.