
Super User
Орталық музей директоры Лувр музейіндегі әріптестерімен кездесу өткізді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы Харипова Лувр музейінің Ислам өнері департаментінің директоры Сурая Нуджайым және Лувр музейінің қор сақтаушысы Ноэми Дос ханымдармен кездесті, деп хабарлайды kazmuseun.kz сайты.
Аида Балаева Лувр музейінің мамандарымен кездесу өткізді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Лувр музейінің Ислам өнері департаментінің директоры Сурая Нуджайыммен және Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетауда музейдің мәдени-білім беру жұмысына арналған конференция өтті (ФОТО)
Ақмола облысы Мәдениет басқармасының Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен «Музейдің мәдени-білім беру жұмысы: дәстүр мен жаңашылдық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музейлік затты зерттеу мен насихаттау: кезеңдері, әдістері (ҚР МОМ тәжірибесінен)
Мақаланың басында, көп жағдайда, тіпті, музей мамандары шатастырып қолданатын музейлік мәні бар зат, музейлік зат, экспонат ұғымдарының аражігін ажыратып алуды жөн деп санаймын. Сонымен, музейлік мәні бар зат дегеніміз тарихи-мәдени, музейлік құндылығы бар, музей затының қасиеттеріне жауап беретін, белгілі бір тарихи кезеңге тиісті, шынайы өмірде қолданыста болған, зерттеу немесе ғылыми жинақтау барысында алынған, бірақ әлі музей жинағының құрамына енбеген бұйым немесе зат. Осы алынған музейлік мәні бар зат немесе бұйым «Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларына» сай құрылған Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясының (әрі қарай – комиссия) қарауына ұсынылып, комиссияның ұсыныстары негізінде іріктеліп, қажетті өңдеуден (камералдық, ғылыми) өтіп, музей жинағына енгеннен кейін нағыз «музейлік зат» статусына ие болады. Осыдан кейін, яғни, құжатталғаннан кейін кеңейтілген ғылыми сипаттама жасалады және оның ғылыми, көркемдік, тарихи, мемориалдық құндылығы жан-жақты зерттеледі. Ал экспонат дегеніміз экспозицияға қойылған музейлік зат. Ол латынның «экспонатус» сөзі, яғни, «көруге қойылған» деген мағынаны береді. Бұл жерден түйетініміз, музейдің экспозициялық залдарында, көрмелерге қойылған музейлік құндылықтардан өзге, қор сақтау қоймаларындағы музейлік заттарға экспонат термині қолданылмайды.
Орталық музейдің қайырымдылық әлеуметтік жобалары
Соңғы уақытта тарихи-мәдени мұраны сақтауға және болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге тұрғысында ұсынуға байланысты негізгі функцияларды, өзінің әлеуметтік миссиясын орындай келе маңызды мәдени-білім беру және ашық қоғамдық институтқа айналған музейдың рөлі айтарлықтай өзгерді. Бүгінгі таңда музей тарихи және көркемдік құндылығы бар музей артефактілері мен жәдігерлерін толықтырып, сақтап қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік маңызды оқиғалардың белсенді нысанына, мектеп жасына дейінгі балалардан бастап аға буын тұлғаларға дейінгі түрлі санаттағы адамдардың жылы шырайлы кездесуі мен диалогына айналды.
Балаларға арналған интерактивті музейлік-педагогикалық бағдарламалары (ҚР МОМ тәжірибесінен)
Қазіргі кезде өте қарқынды дамып келе жатқан педагогиканың бір саласы – музей педагогикасы. Бұл бағыт оқушыларды талай тарихқа куә болған құнды жәдігерлермен таныстыру арқылы, болашақ ұрпақты елінің қадірін біліп, жерін сүйіп, Отанын құрметтеуге, ата-баба аманатын түсініп, патриот болуға тәрбиелейді. Музей педагогикасы – өз қызметі аясында танымдық сабақтар, түрлі тақырыптық үйірмелер ұйымдастырып, бала санасындағы мектеп білімін бекіте түседі. Педагогика бала санасына тек білім құюмен ғана шектеліп қалмай, оның қабілетін түрлі деңгейде дамыта түседі. Сондықтан да аталған ілімнің мағынасы тәрбиелеу деген ұғыммен түсіндіріліп, жас ұрпаққа ақыл айту, өнерге баулу, үйрету, түсіндіру және таныту дейтін түрлі бағыттарды жан-жақты қамтиды (Кайназарова, 1979, 77 б).
Механизм реализации культурно-образовательных программ и проектов в онлайн-формате (из опыта Центрального государственного музея РК)
Музеи, осуществляющие комплектование, хранение, изучение и популяризацию памятников естественной истории, материальной и духовной культуры, как правило, функционируют в системе формирования национально-культурной идентичности, являются «символами национального самосознания, национальной гордости, взаимодействия культур» (Коссова, 1997, с. 5). Безусловно, велика роль музея в презентации и популяризации историко-культурного наследия страны, в развитии взаимодействия культур, этносов, популяризации общечеловеческих ценностей, формировании духовности и гражданственности. Существуют в отечественной историографии различные определения Музею: «Музей – генератор культуры», «Музей - переосмысление границ», «Музей и общество» и др. (Коссова, 1997, с. 5). В последние годы существенно изменилась роль музея и его направления и формы взаимодействия с аудиторией, где на первое место выдвигается роль музейных коммуникаций.
ХХ ғасырда Қазақстанның ғылымы сан алуан кезеңдерді басынан кешірді. Күшіне енген кеңестік басқару жүйесі, цензуралық саясат гуманитарлық ғылымдардың объективті дамуына кедергі болды. Бірақ осыған қарамастан, Қазақстанның ғылыми мектебі қалыптасты. Көптеген ірі ғалымдар осы мектеп аясында шыңдалып шықты. Олар Қазақстанның мəдени-тарихи дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Сондай біртуар тұлғаның бірі – абайтанушы, тарихшы, Қазақстанның музей жəне баспа ісінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан Əбусағит Мұсылманқұлұлы Жиреншин болатын.
«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туған күніне орай «Түркістан тарихы» музейінде «Өзбекәлі Жәнібеков және музей ісі» атты көрме ашылды. Аталған іс-шараға Өзбекәлі Жәнібековтің көзін көрген замандастары, белгілі тарихшы Марат Сембі, тарих ғылымының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай, ҚР еңбек сіңірген экскурсия жетекшісі Бақыт Камалқызы және өзге де белгілі ғалымдар мен музей басшылары, мәдениет саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Метро бекетіндегі көрме: Алматы музейлері қала күніне тарту жасады
Алматы қаласы музейлер бірлестігі қаладағы метро бекеттерінде жылжымалы көрмелер ұйымдастырды. Көрме қала күніне орайластырылған, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.