Анонс


Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы бұйрық

Жұма, 05 Шілде 2024 01:04
Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы бұйрық KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі   Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Назарларыңызға бұйрық мәтінін ұсынамыз.

«Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы»  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 12466 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік музейдің музей құндылықтарын есепке алу және сақтау құрылымдық бөлімшелерінің бірінің қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы болмайды.».

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидалары

   1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) құрылу тәртібін анықтайды.
      2. Комиссия музей қорларын қалыптастыру үшін мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу мәселелерін қарау мақсатында құрылады.
     3. Комиссия өз қызметін «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 35-2) тармақшасына, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.      

   2. Комиссияның құрылу тәртібі

      4. Комиссия мемлекеттік музей жанынан мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу мәселелерін қарау кезеңінде құрылады. Комиссияның құрамы мемлекеттік музей директорының бұйрығымен бекітіледі.
     5. Комиссияның құрамына төрағаны, мемлекеттік музейлердің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен қызметкерлерін қоса есептегенде бестен кем емес мүше кіреді.
      Мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеуге археология, этнография, нумизматика, тарих, өнертану, реставрация және тағы басқа салалар бойынша сараптамалық бағалау қажет болған жағдайда Комиссияға қатысу үшін тиісті мамандар шақыртылады.
      6. Комиссияның төрағасы мемлекеттік музейдің музей құндылықтарын есепке алу және сақтау бағыты бойынша жетекшілік ететін директордың орынбасары немесе бас қор сақтаушысы болып табылады.

     7. Мемлекеттік музейдің музей құндылықтарын есепке алу және сақтау құрылымдық бөлімшелерінің бірінің қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы болмайды.

       8. Комиссияның шешімі ұсыныс сипатындағы хаттамамен ресімделеді.    

751 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper