KAZMUSEUM.KZ - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолияға барған сапарында Баян-Өлгей музейін аралады. Бас мүфти музейдегі тарихи жәдігерлермен, жергілікті халықтың салт-дәстүрімен танысты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баян-Өлгей аймақтық музейі 1948 жылы құрылған. Қазір музей қорында 6 мыңға жуық көне жәдігер бар. Музей ішінде киіз үй тігілген, іші сол заманға сай жасақталған.
Музейде ұзындығы 3 метр домбыра және 1921 жылғы Тұлбакөл шайқасы бейнеленген экспозиция бар.
Фото: Еркін Шәкірұлы