- Тарихи орынды қайта жаңғыртып, оны өңірлік туристік картаға енгізу мақсатында жаңа жоба жасалды. Қазір, жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып жатыр. Жоба бойынша музейдің сол жақ бөлігіне фотосуреттер, оң жағына музей ақпараты жазылады. Ал, музей ішіне Дендер күмбезінің қазба байлықтары, минерал тастар мен рудалар қойылған бірнеше тас жәшіктер мен екі үлкен күмбезді композиция орналастырылады, - деді Әли Жайшылық.
Айта кетейік, музейдің «Димаш төбе» деп аталуының өзіндік тарихы бар. 1978 жылы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан КП ОК І хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың ауданға сапары кезінде, Индер жеріндегі қазба байлықтың мол қорымен таныстыру мақсатында музей ұйымдастырылған. Содан бері бұл дөң «Димаш төбе» аталып кеткен.
Бұл музей аудан үшін маңызды тарихи-мәдени мұра болары анық.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ