Анонс


Мэй Маск ханым Ықылас музейінде қонақта болды (ФОТО)

Сәрсенбі, 16 Қазан 2024 20:22
Мэй Маск ханым Ықылас музейінде қонақта болды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Танымал кәсіпкер, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде қонақта болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Мэй Маск ханымға музей қызметкерлері экскурсия жүргізіп, 50-ден астам ұлттың музыкалық аспабын таныстырды.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығына ие болған музейлердің бірі. Музей 1981 жылы құрылған. Қорында 1 мыңнан астам музыкалық аспап бар.

Экскурсия кезінде «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы қонақтарға өнер көрсетті.

Мэй Маск ханым Алматы қаласы музейлер бірлестігі директоры Сағындықова Ләззат Құдайбергенқызына алғыс білдіріп, тарихи-мәдени мұраны насихаттаудағы музейдің жұмысына сәттілік тіледі.

Айта өтейік, АҚШ кәсіпкері, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматыда өтетін «Be Woman» форумына қатысу үшін келген болатын.

623 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper