Анонс


Дәстүрлі «V Есік оқулары» өтеді

Бейсенбі, 17 Қазан 2024 00:27
Дәстүрлі «V Есік оқулары» өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Кемал Акышевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Еуразия далалық өркениеті: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау және пайдаланудың өзекті мәселелері (арналады)» тақырыбындағы «V Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері: тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жолдары;

• Далалық ізденістер нәтижелері бойынша тарихи-мәдени мұра обьектілерін зерттеу және қорғаудың әдістемелері;

• Пәнаралық зерттеулер мен музей ісінің мәселелері. 

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференция форматы: оффлайн және онлайн.

Конференцияға қатысу үшін 2024 жылғы 15 қарашаға дейін  қатысу өтініші мен баяндама мәтінін мына электронды поштаға esikoqulary@gmail.com немесе jboti@mail.ru жіберу керек.

Конференция материалдары жинақ болып шығады. Мақаланы рәсімдеу үлгісі қосымшада көрсетілген.

Конференцияның өтетін жері мен уақыты: 22 қараша 2024 жыл, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы (Есік қ. Алматы облысы).

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші жақтан төленеді.

 

Қосымша

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мақала мәтіні 5-10 бетке дейін (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, суреттер мен кестелерге арналған жазбалар) * doc, * docх форматында қабылданады. Times New Roman 14 шрифтпен терілуі тиіс, жоларалық интервал 1 см, жиектер жоғарғы, төмен, сол жақ, оң жақ 2 см. Азат жол 1 см.

Иллюстрация бөлек файл түрінде жіберіледі. Мақалға 10-дейін иллюстрацияға рұқсат етіледі. Иллюстрация jpg немесе tiff форматында беріледі. Мәтін ішіндегі иллюстрацияға сілтеме доғал жақшада беріледі. Мысалы (1-сурет, 2-сурет) немесе (1-кесте).

Бірінші жолдың оң жақ шетінен автордың аты мен тегі, ғылыми дәрежесі (т.ғ.к.), екінші жолға жұмыс орны, үшінші жолға электронды поштасы, төртінші жолға қала, мемлекет көрсетіледі, баяндама атауы қанық шрифтпен, үлкен әріппен ортаға жазылады. Әрі қарай резюме жазылады, егер мақала қазақ тілінде болса резюме ағылшын, орыс тілдерінде, егер мақала орыс тілінде болса, қазақ, ағылшын тілдерінде, егер мақала ағылшын тілінде болса, қазақ, орыс тілдерінде резюме жазылады. Ал мәтін азат жолдан басталады. 

Мақала ішіндегі деректерге сілтеме доғал жақшада жасалады. (аты-жөні, жылы, беті). Мысалы: (Нурмуханбетов, 2012, 150-159). Сілтеме бірнеше авторға жасалған жағдайда алғашқы үш автор көрсетіледі.

Әдебиеттер тізімі баяндама соңында алфавит ретімен 12 шрифтпен беріледі. Әдебиеттер тізімі альфавиттік тәртіппен (автордың тегі мен аты-жөні, әдебиеттің атауы, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде жасалады.

Мақала қазақ тілінде болса резюме ағылшын және орыс тілінде, егер мақала орыс тілінде болса резюме ағылшын және қазақ тілдерінде, ағылшын тіліндегі мақалаға резюме қазақ және орыс тілінде беріледі. Резюме 50-100 сөз көлемінде 12 шрифтпен, мақаланың атауынан кейін келеді. Түйін сөздер іздеу жүйелерінде мақаланы индекстеуге ықпал ететін 8-10 ға дейінгі түйін сөздерді көрсету қажет.   

Талапқа сай рәсімделмеген мақалалар редакция алқасының шешімімен жинаққа енгізілмейді. Конференцияға қатысу үшін үлгіде көрсеткен өтінімді талапқа сай толтырып жіберулеріңізді сұраймыз. 

Асанов Талғат Берікұлы, т.ғ.к.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

asan@mail.ru

Есік, Қазақстан

 

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ

 

Резюме (ағылшын тілінде)

Резюме (орыс тілінде)

Түйін сөздер:

 

МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН (Нурмуханбетов, 2012, 150-159)

 

Пайдаланған әдебиеттер мен дереккөздер:

Айтқұл Х. А. «Есік» музей-қорығының 2022 жылғы археологиялық ғылыми ізденіс жұмыстарының қысқаша қорытындылары // «Орталық Азияның жазба ескерткіштері (аударма және интерпретациялау мәселелері)» атты «ІІІ Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары / жауапты ред Г.Р. Мухтарова. (22 қараша 2022 ж). Алматы: ЖК «WEST», 2022, 173-183 бб.

Акишев А. К. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: Наука. 1984. – 77-76 с.

Халықаралық конференцияға қатысты сұрақтар, кеңестер мен мақалаларыңызды төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауларыңызды сұраймыз.

е-mail: esikoqulary@gmail.com

 

«Еуразия далалық өркениеті: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау және пайдаланудың өзекті мәселелері (К. Акышевтың 100 жылдық мерейтойына арналады)»  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушының ӨТІНІМІ
 
Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен):
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы:
Қызмет орны:
Қала, мемлекет:
Байланыс телефоны:
E-mail:
Мақаланың атауы:
Қатысу форматы (оффлайн / онлайн):
344 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper