
Super User
Орталық музей халықаралық ғылыми форумға шақырады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы 2025 жылғы 14-15 наурыз күндері өтетін дәстүрлі «ІІІ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» халықаралық ғылыми форумына шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Есік қорымы» және «Рахат қонысы» ескерткіштерінің шекаралары қайта бекітілді
Алматы облысы әкімінің 2024 жылғы 17 желтоқсан күнгі №372 Қаулысымен «Есік қорымы» және «Рахат қонысы» (ерте темір ғасыры, б.д.д. VII – б.д. XІ ғ.) тарихи және мәдени ескерткіштерінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары қайтадан бекітілді (Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 желтоқсан күні №6196-05 тіркелді). Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Есік» мемлекеттік мәдени-тарихи музей-қорығы хабарлады.
Қазақтың Ұлы даласы сыр мен тарихқа, аңыз бен шежіреге, сұлулық пен бай мәдениетке толы. Бұл ұлан-ғайыр жер қазақ халқының сан ғасырлық тарихының айнасы іспеттес. Әр өңірінің тасқа түскен немесе ауыздан-ауызға аңыз болып көшкен тағдыры мен тарихы бар. Ғасырлар бойы тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғалардың өмір жолына талай мәрте куә болған тарихы терең өлкенің бірі – Сарысу өңірі.
Ұлт азаттығы үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз бен зұлмат жылдар турасында айтылмаған, жазылмаған дүние көп. Алаш тақырыбының кейбір тұстары зерттеушілердің өзіне әлі күнге дейін беймәлім күйінде қалып отыр. Кеңес қоғамындағы өзгерістер өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары қалыптасқан әкімшілік-әміршілдік жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы іске асырылды.
Басқарма басшысы атасынан мұраға қалған заттарды музейге тапсырды
Маңғыстау облысы мәдениет, тілдері дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали өзінің атасы Сали Оразбайұлының заттарын музейге тапсырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне 110 жыл
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі – Қазақстандағы байырғы музейлердің бірі. Музей Қостанай қалалық думасының шешімімен 1915 жылғы 1 тамызда қалалық музей ретінде ашылды. Ең алғашқы жәдігерлері қаланың оқу орындарының, реалдық училищенің жаратылыстану бойынша көрнекі құралдары, археологиялық табылымдар мен тұрмыстық-этнографиялық заттар болды.
Қамар Қасымов – қазақтың танымал қолөнер шебері, әсіресе ұлттық домбыра жасау өнерімен әйгілі тұлға. Домбыра – қазақ халқының мәдениетінде маңызды рөл атқаратын аспап, сондықтан Қамар Қасымов сияқты шеберлер оның құрылымын, жасалуын терең зерттеп, ұлттық дәстүрді сақтау мақсатында әр түрлі жаңашылдықтар енгізіп отырған.
Ғабит Мүсірепов қазақ әдебиеті тарихына терең із қалдырды. Туған жерге деген махаббаты мен философиялық ойларға толы шығармалары оқырмандарды бүгінгі күнге дейін шабыттандырып келеді. Қазіргі уақытта 1968-1985 жылдары жазушы өмір сүрген үйінде Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты музей кешені орналасқан.
Жетісу облысында «Еңбекпен ер атанғандар» көрмесі ашылды
Биыл – «Жұмысшы мамандықтары» жылы. Мемлекет басшысы жолдау барысында кәсіптік білім беру саласына реформа жасаудың маңыздылығына тоқталып, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясы насихатталатынын айтқан еді. Ел экономикасының дамуына, өндіріс, құрлыс саласының қарыштауына жұмысшы мамандарының еңбектері қашан да ерен.
Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі корпоративтік оқытуды қолға алды
Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі мен Түркия Республикасы Бас консулдығы арасындағы келісімге сәйкес, бірлестікке қарасты музейлердің қызметкерлерін корпоративтік оқыту жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.