Анонс
Super User

Super User

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 141-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 сәуірде № 35952 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 сәуірде № 35961 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Ұлы жеңістің 80 жылдығына арнап ұйымдастырған «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспубликалық музейлік акция аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі «Жеңіс тарихы: әр сурет бір тағдыр» көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде майдангерлердің фотоқұжаттары, Брест қамалының қабырғасынан алынған кірпіш фрагменті, Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов, Сергей Данилович Луганский, Мәлік Ғабдуллин, Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов, Ахмедияр Дауленұлы Хұсаинов, Тоғанбай Қауынбаев және басқада тұлғалардың жеке мұрағаттарынан алынған экспонаттар қойылды. Тарихи маңызы бар деректердің арасынан кіші сержант Бақтыораз Бейсекбаевтың марапат белгілері – Ресей Федерациясының Батыры «Алтын жұлдыз» медалі, «Халық қаһарманы» аса ерекшелік белгісі, «Алтын жұлдыз» және оларға қатысты құжаттар,  «Алтын жұлдыз» медалінің орден кітапшасы, Ресей Федерациясының батыры атағы берілгендігі туралы грамота, «Халық қаһарманы» атағын беру туралы №15 куәлігі ерекше көзге түседі.

 «ІІІ Қазақстан музей конгресі» аясында «Консервация және реставрация мәселелері» атты халықаралық  кешенді 4 панельді сессия өтті.

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1985 жылдан бері  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлік жолын зерттеу, насихаттау, жас өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу  бағытында қызмет атқарып келеді.

Қырғызстанның Ұлттық статистика комитеті елдегі музейлерге қатысты қызықты деректерді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі КАВАР-ға сілтеме жасап.

Алматы – еліміздің мәдени астанасы. Қаланың рухани дамуына музейлердің қосар үлесі мол. Әсіресе, Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты 9 музей осы бағытта аянбай еңбек етіп келеді. Бірлестіктің бүгінгі тынысы жайлы мекеме директоры Ләззат Сағындықовамен сұхбатымызда ой-пікір алмастық.

«Кәдімгі Сәбит Мұқанов»

Бөлім:  Тұлға
Сейсенбі, 29 Сәуір 2025 11:08

«...Әрі ақын, әрі романшы, әрі драматург және әдебиет тарихының зерттеушісі – Сәбиттің аты қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі», – деп баға берген еді кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы.

Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2025 жылғы  05-08 тамызда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерейлі жылы аясында өтетін «Серікбол Қондыбай мұралары және түркі әлемі»  атты  IV халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ботай» мемлекеттік тарихи мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына байқау жариялайды.

Медиа

JoomShaper