Анонс
Super User

Super User

Эрмитаж өзінің 250 жылдығын атап өтуде

Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2014 11:40

Әлемдегі ең үлкен, 3 мииллионға тарта экспонтатары бар Эрмитаж музейі биыл өзінің 250 жылдығын атап өтуде, деп хабарлады jtimes.ru сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 4 желтоқсандағы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында ашылған тарихи-мәдени аймақтағы облыстық тарихи-өлкетану музейі мен әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығы бүгін алғашқы көрермендерін қабылдады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Хельсинки қаласындағы «Каясте» көркемөнер галереясында Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігінің Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясымен бірге ұйымдастырылған «Қазақстан әйелдері: тарих және қазіргі заман» фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Қырғызстанның өнер сарапшылары желтоқсанның 3-інде Лондонның "Сотбис" аукционында 242 мың 500 фунт стерлингке сатылған қырғыздың бесінші ғасырға жататын зергерлік бұйымдары елден рұқсатсыз шығарылған дейді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады. 

Алтай қазақтарының жәдігерлері

Бейсенбі, 04 Желтоқсан 2014 18:55

Алтайдың арғы бетінен «қаймағы бұзылмаған қазақты көрдім» деп айтып жүретін үлкендердің сөзінің жаны бар. Салт-дәстүрін сол қалпында сақтап, ұлттық сипаттан әлі күнге дейін ажырамай отырған ағайын арасынан  атадан-балаға, баладан кейінгі ұрпаққа «мирас» ретінде тапсырылып келе жатқан небір керемет дүниелер мен құнды жәдігерлерді кездестіреміз. Қолында барын көзінің қарашығындай сақтап, аманатқа - қиянат жасамайтын қазақтың бүкіл тарихы мен болмысын  ғасырлар мен жүздеген жылдарға дейін жетіп отырған тарихи жәдігерлерден танып білуге болады.

Эрмитажға кіру тегін болмақ

Сейсенбі, 02 Желтоқсан 2014 16:35

Әлемдегі әрі Ресейдегі ірі мәдени-тарихи музейлердің  бірі Санкт-Петербордағы Эрмитаждың 250 жылдығына орай, оған тегін кіруге болады.

25 мәдениет және шығармашылық үйлер жекешелендіру аясындағы сатылымнан шығарылды. Бұл туралы бүгін Орталық комманикациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов мәлім етті.

Ертең ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Тарихи таңдау. Жасампаздық» атты тақырыптық қор көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

ҚР Ұлттық музейінде «Қазақ мәдениетіндегі ұлттық әшекей бұйымдар» атты қазақстандық зергерлердің көрмесі ашылды. Көрме қазақтың дәстүрлі зергерлік өнерінің дамуы туралы едәуір толық ақпарат алуға зор мүмкіндіктер береді. Назарларыңызға көрмеден фоторепортаж ұсынамыз:

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ерен Елбасы - кемел Көшбасшы» атты көрме ашылды.

Медиа

JoomShaper