Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында өтіп жатқан фотокөрме екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды оқиға болды. Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық әйелдердің әлеуеті мен олардың демократия және гендерлік теңдікті дамытудағы белсенді үлесін көрсету болды. Фотокөрмені қонақтардың назарына ұсынылған қазақстандық әйелдердің бейнелерімен «Туған жерімнің әйелдері» әйгілі көркемөнер шеберлерінің альбомдары толықтырды.
Ашылу салтанатында Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев, Финляндияның Сыртқы істер министрлігінің Гендерлік теңдік бойынша Елшісі Тарья Репонен және «Жұлдыз» Орталық Азия қауымдастығының басшысы Мавлюда Пейпонен сөз сөйледі.
Өз сөзінде Елші Ғ.Қойшыбаев Қазақстанның мемлекеттік әлеуметтік және отбасы-демографиялық саясатындағы ажырамас құрамы болып табылатын гендерлік теңдікті сақтаудағы ұстаушылығын атап өтті. Қазақстандық дипломат әйелдер әлеуетін жүзеге асыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетілдіруінің маңызды шарты болып табылатынын айтты.
Елші Т.Репонен Қазақстанның гендерлік теңдікті жылжытудағы белсенділігін қолдай отырып, қонақтарға Финляндияның гендерлік тең құқықтықта негізгі бастамалары туралы мәлімдеді.
Көрменің ашылу салтанатына Финляндияның сыртқы істер, мәдениет және білім министрліктерінің, қазақ диаспорасының, «Қазақстан достары» клубының өкілдері және қазақстандық студенттер қатысты.
Фотокөрмемен танысуға ниет білдірушілер үшін галереяның есігі апта бойы ашық болады.