
Super User
Атырау облысында сот музейі ашылды, - депхабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
М.Әуезов атындағы драма театрда XVIII ғасырдың жәдігері сақтаулы
Біз 80-жылдардың тұсында «Шоқан Уәлихановты» сахналадық. Мен патша заманына лайық жиһаз іздей бастадым. Себебі, Шоқанның патшамен кездесетін сахнасы бар еді. Соған жиһаз іздеп, XVIII ғасырдың жәдігерін орыс кемпірінің үйінен тауып алғанбыз, деп еске алды М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас суретшісі Есенгелді Тұяқов auezov-teatr.kz сайтына берген сұхбатында.
Музей деректері негізінде І.Есенберлин туралы кітап жарық көрді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының Ғылыми кеңесінің ұсынысымен музей деректері негізінде Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметіне арналған жаңа еңбек жарық көрді.
Нидерланды астанасы Амстердам қаласында жаңа жылдық мерекеде әлемдегі алғашқы микробтар музейі ашылды. Музей жәдігерлері көзге оңай көрінбейтін микроағзалардан тұрады, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.
Канада ұлттық музейіне ерекше жәдігер табысталды
Әлемдегі ең көне хоккей сырғытпа таяғы енді Канаданың ұлттық тарихи музейінде сақталмақ, деп хабарлайды 24kz тілшісі.
Өңір үшін Тараз қаласының археологиялық қазбалары және толықтай туристік инфрақұрылымдармен қамтамасыз ете отырып, осы орында «Ежелгі Тараз» саябағын салу басым бағыттарға жатады.
2025 жылы Қазақстанда виртуалды музейлер жүйесі қалыптасады
2025 жылы Қазақстанда виртуалды музейлер жүйесін қалыптасады. Бұл туралы республикалық ақпараттық топтың басшысы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Жамбыл облысы активімен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды аталған ведомоствоның баспасөз қызметі.
Қарағандылық қолөнер шебері музейге құнды жәдігерлер тапсырды
Қарағандылық қолөнер шебері Ғайнитден Әбдірахманұлы тарихи-өлкетану музейіне құнды жәдігерлер тапсырды.
Көкшетауда үздік қоғамдық музейлер марапатталды
Көкшетауда Ақмола облысының «Туған жер» Отан Даңқы қоғамдық музейлері байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Оқушыларға арналған музейаралық жобаның жеңімпаздары марапатталады
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде мектепаралық, музейаралық регата жобасының женімпаздары марапатталады.