
Super User
Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде Сайлаухан Әуелбаеваның «Сайлаухан Судың» Ұлы құпиясы» атты халықаралық көрмесінің тұсаукесері өтеді. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі жас суретші Нұрбол Нұрахметтің «ТҮПКІ САНА» атты жеке шығармашылық көрмесін ұсынады. Көрме 2014 жылдың 3 қазан күні сағат 16.00-де ашылады, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық музейінде ғылыми конференция өтеді
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі 2014 жылдың 9-10 қазан аралығында Батыс Қазақстанның көне тарихын зерттеуші, танымал ғалым Мир Қадырбаевтың есімін қастерлеуге арналған «Қадырбаев оқулары - 2014» атты кезекті IV Халықаралық археологиялық-этнографиялық ғылыми конференциясын өткізеді.
Шетелдегі жәдіргерлерімізді қайтару үлкен жетістік болатын еді
Кезінде шетке шығып кеткен жәдігерлерімізді өзге музейлерден елімізге көшірмесін алып келудің өзі жетістік.
Бүгін Астана қаласының мемлекеттік мұрағатында ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әпсеметовпен кездесу өтті. Кездесу мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына арналды.
5 жылға жалғасқан жөндеу жұмыстарынан кейін Париждегі Пикассо музейі ашылды
Франция астанасында 5 жылға созылған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін Пикассо мұражайы ашылды. Онда ХХ ғасырдағы аса талантты суретшінің 4755 картинасы, графикалық жұмыстары мен мүсіндері бар, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі
Кемел Ақышев атындағы музей-кабинет ашылды
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде археология мектебінің негізін салушы Кемел Ақышұлы Ақышев атындағы музей-кабинетінің ашылуы салтанаты өтті. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Астаналықтар Қазақстанның алғашқы білім тарихы музейін аралап көреді
Астанада Л.Г.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде алғашқы білім музейі ашылды. ЖОО баспасөз қызметінің хабарлауынша, музейде белгілі қазақ ағартушыларының бірегей құжаттары мен күнделік жазбалары, араб тілінде қолмен жазылған кітаптар, фотосуреттер қойылған. Қазіргі уақытта музей қоры 900-ден астам экспонаттан тұрады, мұнда келушілер отандық ағартушылықтың қалыптасуымен таныса алады.