«Бірде бір музей немесе галерея, театр жекешендірілетін нысандар тізіміне енгізілген жоқ. Мұны комиссия бақылап отыр. Алайда, бұл тізімге шығармашылық және мәдениет үйлері енген болатын, бірақ та бір апта бұрын осы мәселені қарастырып, бұл нысандарды саудадан шығарып тастады. Яғни, олар енді саудаға шығарылмайтын болады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында осы мәселе қарастырылуы мүмкін, алайда ол қазіргі кезде кейінгі қалдырылып отыр. Бұл тұрғыда барлығы 25 нысан ұамтылған еді»,- деді Э.Өтепов.
Осы орайда комитет басшысы мәдени нысандарды саудаға шығару кезінде әлемдік тәжірибе зерделенгенін атап өтті.
Атап айтқанда, шетелде мәдени нысандардың басым бөлігі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қызмет жасауда.