Анонс


Ұлттық музейде мерекелік көрме ашылды (ФОТО)

Жұма, 28 Қараша 2014 12:36
Ұлттық музейде мерекелік көрме ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ерен Елбасы - кемел Көшбасшы» атты көрме ашылды.

«Ерен Елбасы - кемел Көшбасшы» көрмесі тәуелсіздік жылдарынан бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастыруды көздейді. Көрмеге Ұлт көшбасшысының өмірбаяны мен шығармашылық жолын көрсететін фотосуреттер мен кітаптар қойылған. Музейге келушілердің назарына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көпұлтты, көпконфессиялы тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлін көрсететін фильмдер топтамасы да ұсынылды.

Көрмеде Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері сонымен қатар Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың алдағы уақыттағы көпқырлы дамуы көрсетіледі.

Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық музейінің директоры:

- 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері елімізде ҚР Тұңғыш Президент күні аталып өтіп келеді. Бұл күн Қазақстанның Тұңғыш Президентінің республика алдындағы ерен еңбегін лайықты бағалау мақсатында бекітілді. Таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түскен жоқ. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті. 1991 жылғы желтоқсанның алғашқы күндері Қазақстан үшін сындарлы әрі тағдырлы болды. Себебі сол кезде тәуелсіз республиканың даму жолы айқындалды. Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық қауымдастыққа өркениетті, демократиялық мемлекет ретінде танылып отыр. Осы жолдағы барлық бастамалар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа тиесілі.

Айта өтейік, көрме осы жылдың 25-желтоқсанына дейін жалғасады.

4418 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper