70 га. аумақтағы тарихи-мәдени аймақта орын тепкен жаңа тарихи-өлкетану музейіндегі тарихи жәдігерлермен кеңінен танысқан балалар үйінің тәрбиеленушілері рухани-мәдени құндылықтары жинақтап, зерделеу бағытында жұмыс атқаратын әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығында да болды. Сондай-ақ, жасөспірімдер осы аймақтағы «Наурыз» алаңы мен көл аумағындағы демалыс орындарын тамашалады.


