
Super User
Ресейдің соңғы тақ мұрагеріне Франция премьер-министрі сыйлаған тарихи ойыншық көрмеге қойылды
Ресей империясының соңғы патшасы Николай ІІ ұлы, тақ мұрагері Алексейдің XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалған өте сирек кездесетін қуыршақ театры Образцов атындағы Орталық қуыршақтар театрының музейіне қойылды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Образцов театры музейінің директоры Гордей Салтыковтың айтуынша, қуыршақ театрын патша отбасына 1914 жылы 9 шілдеде Санкт-Петерборға ресми сапармен келген Франция Премьер-министрі Раймон Пуанкаре сыйлаған болуы мүмкін. Бұл күні Николай ІІ күнделігіне: «111/2 Пуанкаре Аликс пен балаларға сыйлық әкелді» деп жазған.
Мәшһүр Жүсіп музейі жаңа жәдігермен толықты
Таяуда Баянауыл ауданына қарасты Жаңажол ауылында орналасқан М.Ж.Көпеев музейі жаңа жәдігермен толықты. Ол – әулие Мәшһүр Жүсіптің осы уақытқа дейін сандық түбінде сақталып келген көне кенеп шалбары.
«Kaspi Bank» АҚ Ұлттық музейге сый жасады
ҚР Ұлттық музейінде орыс суретшілері Латиф Казбеков пен Алексей Талащуктің «Біз біргеміз» көрмесінің жабылуына орай өткен дөңгелек үстел кезінде «Kaspi Bank» АҚ-ның өкілі Вячеслав Ким музей ұжымына тосын сый жасады.
Қ.Айтаханов: Түркістанда жаңа музей ашу керек
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Түркістанда халықарылық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастыруды және Қазақ хандығы монументін орнатып, музей ашуды ұсынды.
Италияда 5 мың көне артефактты ұрлағандар ұсталды
Италия полициясы ұрланған 5 мың көне римдік артефакт сақталған құпия орынды тапты, деп хабарлайды ВВС. Бұл ведомство тарихындағы ең ірі олжа болып есте қалмақ, деп жазады Bnews.kz агенттігі.
Белгілі суретші өзінің жеке этнографиялық көрмесіне шақырады
ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде шығармашыл жастардың XVРеспубликалық «Жігер» фестивалі сыйлығының иегері, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының ұлттық «Ажар» сыйлығының иегері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаиттің «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты жеке көрмесі ашылады. Суретші өзінің бұл көрмесін Қазақ Хандығының 550 жылдығына арнап отыр.
Таразда «Еншісін алған еркін ел» деген атаумен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлады 24.kz тілшісі.
Ақтөбе тарихи-өлкетану музейі уақытша жабылды
Ақтөбедегі тарихи-өлкетану музейі уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Абылай хан ордасы» музейі Қазақ Хандығының 550 жылдығына дайындалуда
2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Петропавлдағы «Абылай ханның ордасы» музей кешенінде қазақтардың кешегісі мен бүгіні толық қамтылған, деп хабарлады СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы Кристина Горбаченко ҚазАқпарат тілшісіне.
Семейдегі татар қоғамдық орталығының музейіне қасиетті кітапты жергілікті тұрғын тапсырған. Ер кісінің айтуынша, Құран оған бабасынан мұра болып қалған.