Бішкекте тұратын өнертанушы Дамира Алышбаеваның Азаттыққа айтуынша, құнды жәдігер елден заңсыз түрде шығарылған болуы мүмкін. Ол өткен жылы өзі мәдениет министрлігінде жұмыс істеп жүргенінде Словакиядан асылтастармен әшекейленген бұйымды бағалап беруді сұраған өтініш түскенін айтады. Алышбаева көне жәдігер "Қырғызстан музейлерінен ұрланбаған" дейді.
Көне жәдігердің Словакияда екені 2013 жылы белгілі болған. Сол кезде оның 19-ғасырдың соңында өмір сүрген қырғыз азаматының, кейін оның ұрпақтарының иелігінде болғаны айтылған. Көне жәдігерді кім сатқаны және оны кім сатып алғаны белгісіз.