Анонс


Н.Назарбаевтың тарихи шешімдеріне арналған маңызды көрме ашылады

Жұма, 28 Қараша 2014 13:25
Н.Назарбаевтың тарихи шешімдеріне арналған маңызды көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Ертең ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Тарихи таңдау. Жасампаздық» атты тақырыптық қор көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Көрменің басты мақсаты - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізін қалаған алғашқы реформаларды біртіндеп кең ауқымда көрсету. Экспозицияға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы, ядролық қарудан бас тартудағы, мемлекеттік нышандарды иеленуде, ұлттық валютаға ауысудағы, Еуразиялық одақ идеясының туындауындағы және т.б.  шешімдерді қабылдаудағы тарихи ролін айқындайтын бірегей мұрағат құжаттары қойылған. Маңызды орынды алдымыздағы жылы бүкіл ел болып мерекелейтін қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуының 20 жылдық мерейтойын ашып көрсететін құжаттар алады. Көрме 2015 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары аталмыш көрмені  Бейбітшілік көшесі, 11 үйде орналасқан ҚР Тұңғыш Президенті Музейінен тамашалай алады. 

4734 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper