Эрмитаж басшылығы елеулі мерейтой құрметіне келушілерді бірегей экспозицияларымен таңғалдырмақ. Оның тарихы Екатерина екінші патшайым кезінен бастау алады, оның өзі жинаған өнер жауһарларын қонақтарына мақтанышпен көрсетуді жақсы көретін.
Мереке құрметіне Эрмитаж келушілері жаңғыртушылардың жұмысы арқасында жаңарған жұмыстармен танысатын болады. Олардың көпшілігі ұзақ уақыт бойы жоғалып кеткен деп есептеліп келді. Экспозициялардың ішінде жаңартылған жәдігерліктердің өзі 200 шамасында. Олардың арасында Рим Афродитасының бас мүсіні, Тицианның жұмыстары бар.
Ұлыбританиялық әріптестері тарту еткен ежелгі грек мүсіні нағыз тамаша сыйлық болды. Гректің Парфенон су құдайының мүсініне 2,5 мың жылдан асты. Оны Эрмитаждан 2015 жылғы қаңтар айының ортасына дейін көруге болады.