Анонс


ҚР Ұлттық музейінде зергерлер көрмесі ашылды (ФОТО)

Жұма, 28 Қараша 2014 13:10
ҚР Ұлттық музейінде зергерлер көрмесі ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде «Қазақ мәдениетіндегі ұлттық әшекей бұйымдар» атты қазақстандық зергерлердің көрмесі ашылды. Көрме қазақтың дәстүрлі зергерлік өнерінің дамуы туралы едәуір толық ақпарат алуға зор мүмкіндіктер береді. Назарларыңызға көрмеден фоторепортаж ұсынамыз:

Көрмеге қазақ зергерлері Сержан Бәшіровтің, Бақтияр Артықбаевтың, Мұрат Дүйсеновтің, Дәулет Иманғалиевтің, «AMINA JEWELS KAZAKHSTAN» зергерлік бұйымдары қойылды.

«Бұл көрменің қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы қарсаңында ашылуының зор мәні бар. Қазіргі қоғам үшін ата-бабамыздың дәстүрлерін жалғастырып, сақтай білудің маңызы үлкен. Өнердегі сабақтастық болуы тиіс, біздің жеріміз қашан да зергерлер өнерімен даңқы шыққан», - деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай.

Айта өтейік, көрме 25 желтоқсанға дейін жалғасады. Көрмені Сіздер Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 54 мекен жайында орналасқан Ұлттық музейіндегі көрме залдарынан тамашалай аласыздар.

4615 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper