
Super User
«Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша» атты еңбектің тұсаукесері өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 5 ақпанда сағат 15:00-де И.Иманов пен О.Мазбаевтың «По караванному пути великого Чокана» кітабының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.
Музей қызметкерлеріне арналған конференция өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология музейінің 80 жылдығына орай «Қазақстан және оған шектес аумақтардағы биоалуантүрлілікті табиғатта және коллекцияларда сақтау» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Алматыда «Жыр маржаны» атты көрме ұйымдастырылады
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында заманауи Қазақстанның моншақ өруші шеберлер тобының «Жыр маржаны» атты көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ә.Қастеев атындағы өнер музейі суретшілер арасында конкурс жариялайды
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде тарихи жанрдағы бейнелеу өнері туындыларына «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық конкурсының жариялануына байланысты баспасөз конференциясы өтеді. Конкурс еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы құндылықтарының контексінде біртұтас мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Мәди Бәпиұлынан мұраға қалған жәдігерлер музейге тапсырылды
Қазақ ән өнерінің тарихында өшпес мұра қалдырған Мәди Бәпиұлының шоқпары мен насыбай үккіш саптыаяғы музейге тапсырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі «Орталық Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.
Ұлттық музейдің экспозициясынан: «Құрт – асыл тас»
«АЛЖИР» деген атпен танылған атақты лагерьдің 1940 жылдары тұтқыны болған Гертруда Платайс есімді әйел 1990 жылы Қазақстанға келгенде жергілікті қазақтарды алғаш рет қалай көргенін және олардың тұтқындарға қалай қарағанын айтып берген еді.
Қорғаныс министрлігінің музейіндегі жәдігерлер шетелдегі көрмелерге қойылады
ҚР ҚК-нің Әскери-тарихи музейінде «Мәңгі есімізде» акциясы басталды. Акция шеңберінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтары мен туысқандары музей қорына Қазақстанның әскери тарихы үшін баға жетпес бірегей жәдігерлер тапсырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Ұлттық музейде қазақтың ұлттық тағамдарын зерттейтін лаборатория ашылады
Ұлттық музейде қазақтың ұлттық тағамдарын зерттейтін лаборатория ашылады. Бұл туралы бүгін академик Төрегелді Шармановпен кездесу кезінде Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай айтты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Д.Назарбаева музей саласын дамытуға қатысты пікірін білдірді
Отандық кәсіпкерлер еліміздегі музейлерге қамқорлық танытқаны жөн. Бұл пікірді ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндегі кеңейтілген алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық музейінде «Жыр керуені» дәріс-концерті өтеді
28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жыр керуені» атты лекция-концерт өтеді, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.