Көрме кезінде моншақ өруші кәсіби мамандар мастер-класс өткізіп, GULMIRA MAUKEH-нің авторлық салонының фешн-көрсетілімі ел назарына ұсынылады.
Көптен бері маржан өнерімен айналысушы бұл шеберлер міне қазір топ құрып Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің орталық көрме залында өз өнерлерін ұсынып отыр. Бағалы тастардан жасалған әшекейлер Swarovski кристаллынан, таңдаулы Жапон және Чехия елінің маржандарынан, Қазақстанның ақық тастарынан жасалынған эксклюзивті бұйымдар. Құрамындағы ұсақ-түйек бөліктері адам денсаулығына зиян келтірмейтін қола, жез және күмістен жасалынған. Құштарлықпен жасалынған әшекейлері көрерменге таң қаларлық сезім, қуаныш алып келеді. Шеберлердің әр қайсысы жеке өзінше лауазымды тұлға. Бірі хореграф, қоюшы, спорт шебері, балерина болса бірі ірі конференциялардың қатысушысы, бірі мастер-класс жүргізуші, бағыт беруші, кітап авторы және бірі жеке авторлық салон жетекшісі, әшекей дүкенінің иегері. Қалалық, республикалық көрмелердің қатысушы шеберлері. Бәрініңде ортақ әуес ісі - моншақ өру өнері.
«Бұл көрмеге Алматы және Өскемен қалаларының шеберлері қатысады. Келешекте барлық қалалардың шеберлеріне жол ашық. Бұл топтың басты мақсаты – барлық маржан өруші шеберлеріне қолдау көрсетіп, ары қарай басқа да қалаларда ірі көрмелер өткізу», - дейді ұйымдастырушылар.
Шеберлердің топтамасында әйелдер киімі, алқа, білезік, жаға, белдік, танамоншақ (сәнді түйреуіш), сөмке және балалар әшекейлері де бар. Сонымен қатар ілгек қолдану арқылы маржанмен тоқылған интерьер бұйымдары да бар. Олар панно, орамалдар, дастархан және сәндік жастықтар. Көз жауын алатын әшекейлерге, киімдерге үңіле қарап тастардың, маржандардың қаншама майдалығын, тоқу техникасын қалай шебер қалағанын көруге болады. Әр шебердің жұмысы әр-түрлі стильде, әр-түрлі тақырыпта жасалынған. Ашық жарқын түсті маржан тастармен гүлдер, жапырақтар тоқу арқылы жаз мезгілін, көктемді бейнелесе, ақ-қара түсті маржан тастармен классикалық стильдегі әшекейлер жасалынған.
Бұл оңайлықпен жасалмайтын көп еңбекті талап ететін туындылар үшін әр шеберге ерекше – құрмет.
Көрме 2016 жылғы 5 ақпанда сағат 16:00-де ашылып, 26 ақпанға дейін өтеді.