Анонс


Д.Назарбаева музей саласын дамытуға қатысты пікірін білдірді Таңдаулы

Жұма, 29 Қаңтар 2016 11:25
Д.Назарбаева музей саласын дамытуға қатысты пікірін білдірді KAZMUSEUM.KZ -  

Отандық кәсіпкерлер еліміздегі музейлерге қамқорлық танытқаны жөн. Бұл пікірді ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндегі кеңейтілген алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

«Мен танитын барлық дарынды, ауқатты бизнесмендер мәдениет және өнерге қызығушылықтарын байқатып жүр. Олардың көпшілігі коллекция жиюшылар, аукциондардың жиі қонағы. Еревандағы Орталық мемлекеттік музейге барған кезде, ол жерде Кандинский, Пикассолардың тамаша жауһарларын тамашалаған болатынмын. Әлемнің бар қазынасы солардың қорларында, музейлерінде топтасқан секілді көрінді. Менің пікірімше, біздің қоғамымыз да бұған әбден дайын, ал кәсіпкерлеріміз осы бағытта көмегін бере алады деп ойлаймын», - деді Д. Назарбаева.

Премьер-Министрдің орынбасары отандық музейлер еліміздің визит карточкасына айналу керектігін де атап өтті.

 «Музейлер мектеп оқушыларына,  студенттерге , ересек адамдарға, туристер үшін де қызықты болу қажет. Сондықтан біз қазір туризм саласын дамыту бағдарламасын жасап жатырмыз», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Дариға Нұрсұлтанқызы бүкіл дүниежүзінде музейлер мен театрлар туристер үшін елдің визит картасы болып табылатындығын еске салды. Бұл үлгіні Қазақстанда басшылыққа алуы қажет.

«Шет елдерге баруға мүмкіндік пайда болған кезде, бізді бірінші кезекте қай жерлерге апарады? Әрине, музейлер мен театрларға. Өйткені осы музейлер мен театрлар мемлекеттің визит картасы болып табылады», - деді вице-премьер.

 

3203 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper