
Super User
«Көшпенділер» атты дербес көрменің ашылуы өтеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Марат Габдрахмановтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көшпенділер» атты дербес көрмесінің ашылуы болады.
Н.Назарбаевқа берілген дипломатиялық сыйлықтар көрмеге қойылады
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде музей жинақтарынан «Уақыт Құдыреті» атты көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Тарихтың түп-төркініне үңілген археологтер жаңа мыңжылдықтың басында тамам елді таңғалдырған жаңалықты жалпақ елге жария етті. Қаншама ғасырдың куəсі болған Арал теңізінің тартылған табанынан көне шаһардың орны табылды.
Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының музейі ашылды
Тәуелсіздік мейрамына орай ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының музейі ашылды.
Шығыс Қазақстан өнер музейінде Г.Пуссептің кеші өтті
Шығыс Қазақстан өнер музейінде филолог, журналист, ақын Геннадий Пуссептің туғанына 70 жыл толуына арналған мерейтойлық кеш болып өтті. Ол кешке мерейтой иесінің достары – ақындар мен жазушылар, Предгорноедан арнайы келген «Товарки» фольклорлық тобы, Семей қаласының «Иртыс тоңнары» татар халық хорының жетекшісі Г.Ахунжанов және ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындаушы басқа да өнер иелері қатысты.
Ұлттық музей мен «Тау-Кен Алтын» ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі директоры Дархан Мыңбай мен «Тау-Кен Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейрамғали Тілеужанов ынтымақтастық және бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімшартқа қол қойды.
Ұлттық валюта тарихына арналған көрме ұйымдастырылды (ФОТО)
Бүгін Ұлттық музейде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Ұлттық музейде «Біртектілік бояулары» атты көрме ашылды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Біртектілік бояулары» атты көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Жеңіс туының көшірмесі салтанатты түрде Ұлттық музейге тапсырылды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында жиналған жәдігерлерден құралған көрме ашылды. Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдығы шеңберінде «Хабар» Агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» акциясының және «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының биылғы жылғы қортындылары ретінде Жеңіс туының көшірмесін музейге тапсыру салтанаты өтті.
Алматыда Ислам мұрасының ашық есік күндері басталды
Бүгін Алматыда Ислам мұрасының ашық есік күндері басталды, деп жазады khabar.kz сайты.