Кітап Қазақ ұлттық географиялық қоғамының 2014 жылғы 24 шілде және 5 тамыз аралығында ҚХР және Қырғызстан территориялары арқылы өткен «Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша» атты алғашқы халықаралық экспедициясына арналған. Аталмыш экспедиция соңғы сегіз жыл ішінде жүзеге асырылған «Шоқан жолдарымен» атты экспедициялар сериясының соңғы сапары болып саналады. Экспедицияға қатысушылар Шоқан Уәлиханов жүріп өткен жерлерге (Қырғызстан, Жетісу, Құлжа) саяхат жасады.
Кітап қазақтың ұлы ғалымы және ағартушысы – Ш.Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына орайластырылып шығарылды. Экспедиция мүшелерінің жеке және тікелей саяхат барысында алған әсерлері негізінде жазылған еңбек жалпы көпшілік оқырманға арналған.