Анонс


Қорғаныс министрлігінің музейіндегі жәдігерлер шетелдегі көрмелерге қойылады

Сенбі, 30 Қаңтар 2016 11:23
Қорғаныс министрлігінің музейіндегі жәдігерлер шетелдегі көрмелерге қойылады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР ҚК-нің Әскери-тарихи музейінде «Мәңгі есімізде» акциясы басталды. Акция шеңберінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтары мен туысқандары музей қорына Қазақстанның әскери тарихы үшін баға жетпес бірегей жәдігерлер тапсырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Акция кезінде 316-атқыш дивизиясының жауынгері Темір Жолдаспаевтың ұлы, Ахметжан Қойшығұловтың туысқаны ҰОС жылдары Қазақстанның аумағында 220 зауыт пен фабриканың орналастырылуына басшылық еткен Мәдина Ысқақованың қызы – әскери ұшқыштың жеке борт механигі, Иван Кожедубтың Кеңес Одағының үш мәрте батыры музейге марапаттау материалдарын, құжаттарды, фотосуреттерді, кітаптарды, хаттарды, ашық хаттарды тапсырды.  

Музей қызметкерлерінің айтуынша, мұндай акциялардың ұйымдастырылуының басты себебі, халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы көкейкесті мәселелерге қоғам  назарын аударту болып табылады. Өзінің ата-бабасының ерліктері туралы оқиғамен бөлісуге және олардың жеке заттарын ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі қорының игілігіне беруге барша ниет білдіргендер үшін акция ұйымдастырушылары алғыс хаттар дайындап қойды.

«Бүгін мен үшін толқынысқа толы күн. Анашымның өмірі мен ерлігі туралы айтып беруге мүмкіндік берілген күн. Мұндай музейдің болғаны қуантарлық жайт. Өйткені, әскери тарих – бұл халқымыздың тарихының ажырамас бөлігі», - деп атап өтті ҰОС ардагерінің қызы Аягөз Шиқатаева.

Жәдігерлерді қабылдау 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Келешекте ол жыл сайынға сипатқа ие болмақ. Акция барысында барлық жиналған артефактілер музей қорына сақталуға беріледі. Ал ғылыми-зерттеу жұмысы өткізілгеннен кейін экспозицияның бөлігіне айналады. Одан басқа, жәдігерлер арнайы тізбеге енгізіліп, шетелдердегі көшпелі көрмелерге жіберіледі.

2266 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper