Анонс
Super User

Super User

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде режиссерлер мен операторлар арасындағы «Attention! National museum!»  атты  байқаудың қорытындысын шығаруға арналған қазылар алқасының отырысы өтті. Қазылардың шешімі 15 ақпан күні сағат 16.00-де Ұлттық музейде салтанатты түрде жарияланады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Саквояж» көрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Петербургтік суретшілер Петр Фролов пен Наталья Тур жеке көрме шеңберінде Алматы қаласында өз жұмыстарын алғаш рет ұсынып отыр, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Қандай музейдің болмасын ең басты мақтанышы ол әрине көрермен назарына ұсынылатын экспозициялар. Тақырыптық экспозицияларды толыққанды жеткізе білу, осы бағыттағы әдістерді ұтымды пайдалану кез-келген музейлік экспозицияның басты мақсаты болар.  Музейдегі кез-келген тақырыптың халыққа жету жолы ол әрине – экспозиция. Музейлік  қарым-қатынастың басты кескіні де  - экспозиция.

Қазақстан Рсепубликасы Ұлттық музейінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің...» әдеби-сазды жыр кеші өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер ммузейі мен Ә. Қастеевтің музей-үйі «Атамұра» корпорациясы ЖШС-нің демеушілігімен «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Ә. Қастеев. Ою-өрнектер» атты альбом-кітапбының тұсаукесерін өткізеді.

Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде ICOM-ның әдеби және музыка музейлер комитетінің (ICLM) вице-президенті, ағайынды Гриммдер әдеби музейінің директоры Бернард Лауэрдің қатысуымен «Музейтану мәселелері» атты аймақтық семинар өткізді.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде И.Иманов пен О.Мазбаевтың «Ұлы Шоқанның керуен жолы»кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.  

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған Бақыт Қайырбековтің авторлық жобасы «Мәңгілік Аспан астында» атты 10 сериялы ғылыми-танымдық деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметі.  

Еуропада дайверлер және теңіз жануарлары ғана көре алатын алғашқы су асты музейі ашылды.

Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы «Құнси хат және  каллиграфия күндері» атты көрме ұйымдастырды, деп хабарлады Ұлттық арна.

Медиа

JoomShaper