
Super User
«Жұма мешіті» музейі қайта жаңғыртылды (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ХІХ ғасырдың ескерткіші Жұма мешітінің экспозициясы қайта жабдықталды, деп хабаралайды kazmuseum.kz тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жанна Нөгербекованың «Сұлулық желісі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде жас мүсінші, сәндік-қолданбалы өнер шебері Жанна Нөгербекованың «Сұлулық желісі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Атырауда музей қызметкерлеріне арналған аймақтық семинар өтті
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде музейлердің қызметін жандандыру және жанашаландыру, музей жұмысына инновациялық әдістер енгізу мақсатында «Музей жұмысын ұйымдастыруда жаңа жобаларды қолдану тәсілдері» тақырыбында аймақтық семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
Ү.Мұңалбаева: Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығын құру – заман талабы
Кітап – көкірегінің көзі ашық адам баласының ғасырлар бойы жинақтаған тамшыдай мөлдір ойлары мен көзқарастарының көркем көшірмесі. Уақыт желісінде тозаң тартқан тарихымыз бен болашағымызды байыптап таразылау үшін тасқа қашалған жазбаларымыз бен жүздеген жылдардың тезінен өткен кітаптарымыз – біздің ең қасиетті, ең құнды мұрамыз. Міне, осындай баға жетпес жәдігерлеріміздің асыл төрі – Кітапхана.
Дәстүрлі күйші Жанғали Жүзбайдың дәріс-концерті өтті
ҚР Ұлттық музейінде дәстүрлі күйші Жанғали Жүзбайдың дәріс-концерті өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.
Танымал тұлғаларға қатысты экспонаттар Ұлттық музейге табысталды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының жалғасы ретінде жәдігерлерді қабылдау шарасы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық арна музей экспонаттарын пайдалана отырып түсірілген фильмнің тұсаукесерін өткізді
Астанадағы «Қазмедиа орталығында» «Жамбыл» тарихи драмасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты «Қазақстан» Ұлттық арнасының ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мәңгілік ел» пойызының қатысушылары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне барды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнап сапарға шыққан «Мәңгілік ел» пойызы Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне барды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Алматы қаласындағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 2016 жылдың 24 ақпанында, сағат 15. 00-де халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Тұңғыш Президент Музейінде Олимпиадалық спорт күні өтеді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған Олимпиадалық спорт күні өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.