
Super User
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен ОҚО Тарихи-мәдени этнографиялық орталығы бірлесе «Ырысы тасыған ыдыстар» атты көрменің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Амангелді Иманов атындағы музей жөндеуден өтеді
Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай Амангелді Иманов атындағы музей мен батырдың ескерткіші жөнделеді. Музейді қайта жөндеу үшін облыс бюджетінен 12 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы бүгін Астанада журналистермен кездескен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО музейлерінің қорына 5612 экспонат сатып алынды
Батыс Қазақстан облысының музейлеріне 2015 жылы 5612 экспонат сатып алынған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің аймақтық филиалында өткен Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы Дәулеткерей Құсайынов мәлімдеді.
Баян Есентаеваның «КешYou» тобы музейде клип түсірді (ФОТО)
Танымал продюсер Баян Есентаеваның «КешYou» тобының жаңа құрамы Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінде «Менің Қазақстаным» әніне клип түсірді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Ұлттық музей астаналықтар үшін Тоқтар Әубәкіровпен кездесу ұйымдастырады
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақтың тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровпен кездесу өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан өнер музейінде неміс фотосуретшісі Дитер Зайтцтың «Виртуалды ландшафттар» атты жеке көрмесі ашылды. Бұл шараға облыс орталығындағы мәдениет мекемелерінің мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіби және әуесқой фотографтар, студенттер мен шынайы өнерді бағалаушылар, сондай-ақ Өскемендегі неміс мәдени орталығынан қонақтар келді.
«Attention! National museum!» байқауының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)
ҚР Ұлттық музейінде режиссерлер мен операторлар арасында өткен «Attention! National museum!» байқауының жеңімпаздарын марапаттау кеші өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Ұлттық музейге археологиялық олжалар топтамасы тапсырылады
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне 2015 жылы табылған археологиялық олжалар топтамасын тапсыру рәсімін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туы Ұлттық музейге тапсырылды
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туын Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне салтанатты тапсыру рәсімі өтті, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО-дағы Қырықоба кешенін «қара» археологтар қазып кеткен
Батыс Қазақстан облысында мемлекет тарапынан қорғауға алынған 2553 тарихи және мәдени ескерткіш болса, соның 2553-і - археологиялық ескерткіштер. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалық етуімен өткен облыс әкімі жанындағы ұлт тарихын зерделеу жөніндегі комиссия отырысында БҚО тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік инспекциясының басшысы Талғат Жүсіпқалиев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.