Суретшілерге Қазақстан мәдениеті мен Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихына өзінің жеке салмақты үлесін қосуына және өнердің жетекші жанрлары кескіндеме мен мүсіннің қанат жаюына ықпалын тигізуіне, келер ұрпаққа еліміздің басты көркемдік ордасында мәңгілік сақталатын, көрнекті туынды қалдыруына зор мүмкіндік туып отыр
Конкурстың мақсаты мен міндеттері: Мемлекетіміздің маңызды тарихи оқиғалары мен тұлғаларын көркемдік-бейнелік көріністерді зерделеу және оларды беру тәсілдері арқылы патриоттық тәрбиеге ықпал ету. Суретшілер арасында бәсеке тудырып, бейнелеу өнері шеберлерінің кәсіби көркемдік деңгейін көтеріп, жетілдіру. Әлем өнері тарихындағы маңызды жанрлардың бірі тарихи жанрдың одан әрі дамуына қозғау салу. Мұражай коллекциясын Қазақстан халқы тарихының беттерін жаңаша ашатын қондырғылы көркем туындылармен толықтыру міндетінің де маңызы аз емес.
Конкурс шартымен баспасөз конференциясында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Шалабаева таныстырады. Конкурс 2016 ж. 15 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының залдарында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмемен аяқталады.
Конференция 2016 ж. 2 ақпанда сағат 11.00-де басталады.