Анонс
Super User

Super User

Н.Назарбаев және Б.Обаманың силикон мүсіндерін жасаған Айдос Есмағамбетов Астанада музей ашуды армандайды. Бұл туралы суретші және мүсінші  Айдос Есмағамбетов «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында салынады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды. Бюджеттен құрылыс жұмыстарына 198 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында маңызды мәдени шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Бүгін Астанада "Бір ел - бір кітап" акциясының Республикалық комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Абайдың мемлекеттік қорық-музейі көрнекті жазушы, көсемсөз шебері, аудармашы, драматург Медеу Сәрсекенің 80 жасына арналған «Талант табиғаты» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерді Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне табыс етті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының көрме залында жас, әрі республикамызда танымал, дарынды суретші Құралай Үмбетованың «Тыныштық» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

Жамбыл облысында туризмді дамытуға алғышарттар бар. Бұл туралы kazmuseum.kz тілшісіне Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровпен кездесу өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық- имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала елі» атты ашық музейлік тарих дәрісі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медиа

JoomShaper