Анонс
Super User

Super User

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде КОГАРТ венгер Арт-қоры мен Алматыдағы Венгрия Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырған «Венгер өнер шеберлерінің тарихы» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ  Питтсбург Университетінің (АҚШ) өкілі Рональд Лапортенің (Ronald Laporte) сұрауы бойынша қысқа мерзімде Қостанай облысындағы геоглифтері бар учаскені түсірді.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі — еліміздегі ең ескі музейлер қатарында. Негізі қаланғанына биыл 180 жыл толмақ. Құндылықтар жиі өзгеретін аумалы-төкпелі ХХІ ғасырда музей ісін сауатты жүргізу, оның аудиториясын ұлғайту – өте қиын. Мұны бұл салаға саналы ғұмырын арнаған ардагер музейтанушы мамандар да айтуда. 

Ол қалың бұқараға өлкетанушы ретінде танымал. Оның омырауында “Құрмет” ордені жарқырайды. Ол ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Ұзақ жылдар бойы Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейіне басшылық етті. Бірақ өзі бұл жолға кездейсоқ келгендігін айтады. Ал әріптестері оны “талапшыл басшы” деп сипаттайды. Ол - Рысжан Ілиясова.

ҚР Ұлттық  музейінде Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Марат Габдрахмановтың  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көшпенділер» атты  дербес көрмесінің  ашылуы рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде өткен «Ғасырлар аманаты» атты республикалық акциясының аясында «Аманат» сандығын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Ғасырлар аманаты» республикалық акциясының қорытындысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ілгеріде Мәжілісте өткен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұха­медиұлының үкіметтік сағатында депу­таттар шетел музейлеріндегі қазаққа қа­тыс­ты құнды жәдігерлерді елге қайтаруды талап еткен еді.

Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті музейінде «Уақыт құдіреті» көрмесі ашылды. Алғаш рет музей жинақтарынан сағаттардың коллекциясы көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Түркі академиясы халықаралық ұйымы Бейбітшілік және келісім сарайында сыйға тартылатын кітаптарды және экспонаттарды қабылдап алу рәсімін өткізді.

Медиа

JoomShaper