Көрме экспозициясына қорық-музей қорынан 40-қа жуық археологиялық, этнографиялық көзтартар жәдігерлер қойылды. Көрменің ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Бөкебаев маңызы зор мәдени шаралар екі мекеме арасында әлі де жалғасын табатындығына сенім білдіріп, жиналған жұртты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының кеңесшісі Әбдікерім Манапов мырза экспозицяға қойылған әр жәдігерге талдау жасап, тарихи маңыздылығына баса назар аударды. Әсіресе қазақ халқы үшін қазанның орны бөлек екендігіне айрықша тоқталып, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінде 25 көрме өткіземіз деп мәлімдеді.
Көрменің ашылуына қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері, Дарын колледжінің студенттері мен оқытушылары және қала қонақтары қатысты. Көрме қала қонақтары мен тұрғындарына бір ай бойы қызмет көрсетеді.