Анонс
Super User

Super User

Атырау облысы тарихи- өлкетану музейінде Ресейдің Мәскеу қаласынан, Алматы және Қарағанды облысынан арнайы шақыртылған білікті мамандардың қатысуымен өткен семинарда музей қызметкерлері тың жоба ұсынды. Жоба - Ақтөбе Laeti қалашығына қатысты болып отыр. Бұл туралы бізге толығырақ музейдің  археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы Мир Әбдіғалиев айтып берді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты белгілі фольклор танушы, көрнекті ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби  кеш және көрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Бүгін Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» атты  концерттік кеш өткізіледі, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Оқырмандардың сұрауы бойынша Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын назарларыңызға ұсынамыз. Аталған Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітіліп,  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда 12822 болып тіркелді. ЕСКЕРТУ: Бұл бұйрық жаңа редакцияда өзгертілді. ОСЫ СІЛТЕМЕНІ басып, жаңа редакциясын оқуға болады. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мəдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге жəне цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан қорғандардан табылған 968 археологиялық жәдігерді Ұлттық музейдің қорына өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық музейінде өткен пресс-конференция кезінде жапон суретшілері өз туындыларын Ұлттық музейге сыйға тартты, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Қазақстанның 16 тарихи ескерткіші ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі. 

Биыл еліміздегі 20 тарихи ескерткіш қалпына келтірілмек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруіне орай отандық және АҚШ ғалымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Медиа

JoomShaper