«2016 жылы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толады. Бұл маңызды оқиға. Осыған орай арнайы іс-шараларымызды бекіттік. Ең басты мақсат - жүз-жүзден киіз үй тігіп, тойлау емес, оқиғаға мән беру, жастарға рухани тәрбие беру. Елбасының тікелей тапсырмасы бар. Осы бағыттағы жұмыстарды көп қаржы шығармай атқарамыз», - дейді әкім.
А.Мұхамбетов хабарлағандай, Амангелді Иманов атындағы орта мектеп келесі жылы «Жол картасы-2020» бағдарламасына еніп, жөнделеді. Ал Амангелді Иманов атындағы мемориалдық музей 12 млн теңге қаржыға жаңғыртылады. «Амангелді Имановтың ескерткіші де көркейеді»,-деп атап өтті әкім.