Анонс
Super User

Super User

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылында табылған эласмотерияның қаңқасы әлемдегі ең жас мүйізтұмсыққа тиесілі екені анықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мұрасын сақтау жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

2016 жылдың сәуір айының 1 жұлдызы күні сағат 16:00 де Алматы қаласы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейінде «Дәулескер күйші, жазушы, өнертанушы Таласбек Әсемқұловтың домбырасы музей сахнасында» атты музыкалық-танымдық кеш өтеді, деп хабарлайды shynyrau.kz сайты. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде наурыздың 30 күні сағат 12.00-де «National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруіне орай Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облыстық көркемсурет галереясында «Дала желі» атты көрме өтеді, деп жазады «Тобыл-Торғай» сайты.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз – жыл басы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

 Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қайта жаңғыртудан кейінгі жаңа экспозициясының ашылу рәсімін өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

22 наурыз туралы қызықты 22 дерек

Бөлім:  Ашық алаң
Сәрсенбі, 16 Наурыз 2016 11:04

Мереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы Наурыздың ақ қарына теңестеріледі. Түркі халықтарында жаңа жыл көктем мерекесімен бірге басталады. Яғни, 22 наурыз – Жыл басы. Осы орайда 22 Наурыз мейрамына байланысты  22 қызықты деректі Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындар Наурыз мейрамын тойлауда. Бұл жақтағы жұрт бұл мерекені «Көрісу» немесе «Амал» мерекесі деп атайды. Осыған орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Көрісу күніне арналған «Наурыз шапағаты» атты мәдени-көпшілік шара өтті.

ҚР Ұлттық музейінде Наурыз мерекесіне орай ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилердің тұсауын кесу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тсайты.  

Медиа

JoomShaper