Анонс


Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туы Ұлттық музейге тапсырылды

Жұма, 12 Ақпан 2016 15:01
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туы Ұлттық музейге тапсырылды KAZMUSEUM.KZ -  

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туын Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне салтанатты тапсыру рәсімі өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2015 жыл  - этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың басты тірегі - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялаған болатын.

«Бір мемлекет - бір отбасы» атты бағдарламасының аясында Ұлттық музейде «Қазақстан халқы Ассамблеясының залын» ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылуда. Біз ол залды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде ашамыз деп межелеп отырмыз. Сондықтан ҚХА жылы Туы біздің залдың экспозициясында өз орнын табады», - дейді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатыбалдин.

Өз кезегінде Астана қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынованың атап өткеніндей, былтыр ҚХА жылы аясында қыруар жұмыстар атқарылған.

«2015 жылы Астанада ҚХА жылы «Астана - бейбітшілік пен келісім қаласы» атты ұранмен өтті. Жыл бойы 1 миллионға жуық адам 280 республикалық және қала деңгейінде өткен іс-шараға қатысты», - деді ол.

Л.Құсайынованың сөзі бойынша, «ҚХА 20 жыл - 20 ізгі іс» эстафетасы аясында 37 қайырымдылық акциясы өткізіліп, оған 157 мыңнан астам адам қатысқан. Жалпы сомасы 18 млн теңге қайырымдылық қаражаты жиналды. 

 

2274 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper