Кездесу кешінің мақсаты – тұңғыш ғарышкер, Қазақстандағы ғарыш саласының дамуына, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери –патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға өлшеусіз үлес қосқан, халықтың мүддесін қорғауға белсене араласып жүрген Халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлымен сыр-сұхбат өткізу.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері, университет студенттері қатысады.
Кездесу 16 ақпан күні сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінің үлкен конференц-залында (холл, 1-қабат) өтеді.