
Super User
ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Шороховтардың көрмесі өтеді (ФОТО)
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2016 ж. 5 тамыз күні сағат 16.00-де қазақстандық белгілі мүсінші Павел Шорохов пен оның ұлы кескіндемеші Дмитрий Шороховтың «Пластика полифониясы – түстің күйі» көрмесінің ашылуы болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей атыраулықтардың назарына 10 шедеврін ұсынды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени туры Атырау қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Олжас Сүлейменовтың 80 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кітапханасында Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 80 жылдық мерей тойына орай «Қазақтың біртуар ақыны» тақырыбында фото-кітап көрмесі болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Музей ісіндегі бұқаралық-экскурсиялық жұмыстарды ұйымдастыру» атты семинар-кеңес өтті
Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі Қобда ауданы, Жиренқопа ауылы, «Қобыланды батыр» мемориалдық кешенінде «Музей ісіндегі бұқаралық-экскурсиялық жұмыстарды ұйымдастыру» атты музей қызметкерлерінің облыстық семинар - кеңесін ұйымдастырып өткізді.
Байдәулет Құдайберліұлының есімі «Әзірет Сұлтан» кесенесіне жерленген тұлғалардың тізіміне енгізілді
Байдәулет Құдайберліұлының «Әзірет Сұлтан» кесенесінде жерленген тұлғалар тізіміне енгізілуіне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
ҚР Мемлекеттік орталық музейі жазғы маусымға арналған бағдарламасын жариялады
ҚР Мемлекеттік орталық музейі жазғы маусымға арналған бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
Бизнес рейтингтегі үздік музей белгілі болды
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Ұлттық бизнес-рейтингінің қаржы-экономикалық нарықтық саралауының нәтижесінде Қазақстанның музей саласындағы мекемелерінің үздік ондығына еніп, «Алтын» рейтингісіне ие болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Катонқарағай ауданына жұмыс сапары барысында Берел қорғандарының негізінде этнотуризмді дамыту жоспарын дайындап, туристерді тарту үшін барлық жағдай жасауды тапсырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада жаңа музей ашылуы мүмкін. Бұл туралы Астана қалалық әкімдігінің Бейбітшілік және келісім сарайында ашылған көрме жайлы таратқан ақпаратында жарияланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Елорда тұрғындары мен қонақтары ерекше көрмені тамашалай алады (ФОТО)
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында мультфильмдердің кейіпкерлері, актерлардың, тарихи тұлғалардың балауыздан жасалған мүсіндері көпшілік назарына ұсынылады. Көрмеге санкт-петербургтік балауыз портрет шеберлері дайындаған 40-қа жуық фигура қойылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.