
Super User
Генерал де Голлдің Байқоңыр ғарыш айлағына жасаған тарихи сапары туралы конференция өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Генерал де Голльдің Байқоңыр ғарыш айлағына сапарының елу жылдығына арналған Шарль де Голль қорының президенті Жак Годфрен мырзаның қатысуымен конференция өтті, деп хабарлайды KAZMUSEUM.KZ сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.
Түркі академиясы конференцияда тарихи құжаттар жинағын көпшілік назарына ұсынады
Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астана қаласында 23 маусым күні сағат 10.00-де 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған «ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музейде «Астана Экспо-2017» Ұлттық компаниясының қолдауымен көрме ашылады
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 23 маусым күнісағат 16:00-де «Астана Экспо-2017» Ұлттық компаниясының қолдауымен «Болашаққа қарау: Өзекті мұра» көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.
Cақ кезеңінің сирек кездесетін заттары табылды
Ақмола облысында сақ кезеңінің сирек кездесетін заттары табылды, деп хабарлады 24.kz арнасы.
«Алтай мұрасы» халықаралық экспедициясы Шығыс Қазақстанға жетті
«Алтай мұрасы» халықаралық экспедициясы Шығыс Қазақстанға жетті, деп хабарлады 24.kz арнасы.
Әлихан Бөкейханұлының 111 жыл бұрын Бразилиядан әкеліп еккен ағашы
Павлодарлық жастар Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдығына орай Қазақстан бойынша «Әлихан жолымен» шыққан сапары барысында қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметіне қатысты елді мекендерді аралап өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлттық музейде «Неономад» атты көрмесі ашылды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана қаласының жас суретшілерінен құралған «KADMII QYZYL» арт-тобының «Неономад» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Н.Назарбаевқа табыс етілген сыйлықтар көрмеге қойылады
Алматы облысының Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылуы болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Әзірет Сұлтан» музейі түркі елдері басшыларының фотосуреттерінен көрме ұйымдастырды
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Тарихтан тартқан тағылым» тақырыбындағы фотокөрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музейдің "Сарыарқа" кешенді экспедициясы барлау жұмыстары кезінде 70 тарихи ескерткішті анықтады (ФОТО)
Қазақстан Републикасы Ұлттық музейі "Сарыарқа" кешенді экспедициясы жұмыстарының алғашқы нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.