Келушілер ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарын, танымал футболшы Пеле, әйгілі боксшы Майк Тайсонның мүсіндерін тамашалайды. Көрмеде «Ұлттық аң және балық аулау», «Жұлдыздар соғысы», «Аватар», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Сақиналар әміршісі», «Гарри Поттер» және т.б. фильмдердің кейіпкерлерін де көруге болады.
Экспонатты дайындау үшін оның күрделілігіне қарай жарты жылдан бір жылға дейін уақыт кетеді. Мүсіндер балауыз бен қазіргі заманғы материал – силиконнан, ал көздері нағыз көз протездерінен жасалды.
- Біз 40 экспонат әкелдік. Кейіпкерлер қызық, жастарға үлгі боларлықтай. Көрме бәріне де ұнайды. Әр фигурамен 15-ке жуық маман жұмыс істейді. Алдымен мүсінші, ол фигураны түпнұсқасына ұқсатып жасауға және барлық антропологиялық белгілерін сақтауға тырысады, оны түпнұсқаға барынша ұқсатады, бойын, сырт келбетін, т.с.с., - дейді Санкт-Петербург қаласының балауыз мүсіндер көрмесінің әкімшісі Раиса Путилина.
Фигураларды Санкт-Петербургтен Астанаға жеткізу оңай болды. Экспонаттар құрастырмалы, бастары мен қолдары мұқият буып-түйіледі, денелері пластиктен әзірленеді.
Айта кетейік, қазақстандық суретші, мүсінші Айдос Есмағамбетовтың да үш туындысы көрмеге шығарылды. Өнер иесі Нұрсұлтан Назарбаевтың, Барак Обаманың және Абылай ханның мүсінін жасаған.
Балауыз мүсіндер көрмесі шілденің 13-нен тамыздың 21-не дейін күн сайын сағат 10.00-ден кешкі 20.00 дейін жұмыс істейді.
Басты сурет planetofhotels.com сайтынан алынды.