
Super User
Халықаралық форумға қатысушылар Жезқазғанда СтепЛаг музейін ашуға ұсыныс жасады
Жезқазғандағы «Степлаг» лагерінің орны болашақта атақты Карлаг секілді тарихи музейге айналуы мүмкін, деп хабарлады «Астана» арнасы.
Қазақстандағы 52 музейді жасауға қатысқан ұлт мәдениетінің қамқоршысы дүниеден өтті
ҚР Дизайнерлер одағының вице-президенті, отандық ұлттық дизайн өнерінің майталманы, мәдениет қайраткері, профессор Аманжол Найманбай ұзақ науқастан дүниеден өтті, деп жазады kazmuseum.kz сайты журналист Мақсат Жақаудың әлеуметтік желідегі хабарына сілтеме жасап. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 маусым күні Алматы қаласында өтеді.
Милан қаласында ICOM-ның дүниежүзілік конференциясы өтеді
Алдағы 3-9 шілде күндері Милан қаласында ICOM-ның (Халықаралық музейлер қауымдастығының) дүниежүзілік конференциясы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
ICOM халықаралық музей күні мерекесінің қорытындыларын жариялады
ICOM (Халықаралық музейлер қауымдастығы) халықаралық музейлер күні мерекесінің қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Иманжүсіптің өз қолымен жасаған ері-тұрманы мен жүгені музейде сақтаулы тұр
Қазақтың белгілі әншісі Иманжүсіп Құтпанұлының өз қолымен баласы Нұрханға жасаған ертоқымы, атының жүгені, жабуы бар, Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылындағы музейде тұр, деп жазады «Астана ақшамы» газеті.
«Жайық-Орал» халықаралық тарихи-мәдени экологиялық экспедициясы басталды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Жайық-Орал» халықаралық тарихи-мәдени экологиялық экспедициясының мерейтойлық басталуы өтті.
Шэньсидің мәдени мұралары Ұлттық музейге қойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлы Жібек жолымен: Шэньсидің мәдени мұралары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
Ұлттық музейде заманауи көркемөнер жұмыстарының көрмесі ашылды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 31 мамыр – ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған заманауи көркемөнер жұмыстарының көрмесі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.
TWESCO Моңғолияға археологиялық экспедиция ұйымдастырады
Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Тарих, археология институтының директоры Чулуун Сампилдондов мырзамен кездесті, деп хабарлады академияның баспасөз қызметі.
Астаналық суретші қала ортасынан ерекше музей салуды ұсынды
Астаналық суретші суретші Боз Жеңісбекұлы қала орталығынан «Алтын бесік» кешенін салуды ұсынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.