
Super User
ICOM: Мұсылман елдерінің музей ісіне қызығушылығы артып келеді
Халықаралық музейлер кеңесі (ICOM) өз жұмысының қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты кеңестің ресми бюросына сілтеме жасап.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай еліміз бойынша «Ұлттық музей – сенің қалаңда!» атты мәдени тур бастау алды.
Музей саласында заманауи технологияларды қолданудың тиімділігі
Компьютерлік технологиямен интернет жүйесінің дамуы музей саласының қалыптасқан дәстүрлі бағытына көп өзгерістер әкелуде. Ақпараттық технология соңғы жылдары экспозициялық-көрмелік, жәдігерлерді қорға тіркеу - сақтау, қалпына келтіру және баспа жұмыстарында кеңінен қолданылып жүр. Музей жәдігерлерін тіркеу - сақтау жұмысынтарына арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (АИС) енгізіле бастауы осы қызмет түріне жеңілдіктер әкелуде. Бұл жүйенің ыңғайлы болуы сонда ғылыми, қор сақтау, тіркеу, экспозициялық, көрме, қалпына келтіру жұмыстары барысында уақыт үнемдеуде көмегі мол.
Камил Муллашевтың ретроспективасы көпшілік назарына ұсынылады
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 1 шілде күні сағат 17:00-де Астана күні қарсаңында «Камил Муллашевтың ретроспективасы. Менің заманым» атты көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылысы аяқталғандағы толық келбеті жарияланды
Танымал теолог Досай Кенжетай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылысы толықтай біткенде қандай болып шығатынын көрсеткен бірнеше сурет жариялады.
Ә.Қастеев музейі «Түркі романтизмі» атты көрмесін ұсынады
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында 2016 жылғы 1 шілде күні сағат 18.00-де жеке коллекциялардан тұратын «Түркі романтизмі» атты көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Орай шап» көтерілісі» жинағының тұсаукесері өтті
Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен еліміздің ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған мәдени шара - «Орай шап» көтерілісі» жинағының тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Елбасының туған күні және Астана күніне орай, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Төлеуғазы Байғалиевтің және «Baigaliev» арт студиясы тәлімгерлерінің жұмыстарынан «Шебер және шәкірттер» айдары бойынша «Атамекен» көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде абайтанушы, ғалым Қайым Мұхамедханұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Абайдың інісі, Алаштың ірісі» атты дөңгелек үстел болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметіне сілтеме жасап.
«Астана Экспо-2017» Ұлттық музейде көрме ұйымдастырды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Астана Экспо-2017» Ұлттық компаниясының қолдауымен «Болашаққа көзқарас: Өзекті мұра» тақырыбында көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.